«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЭС ЖАЙЛЫ ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстандықтардың атом энергетикасы және АЭС құрылысы мәселелері бойынша ең көп қойылатын сұрақтарына назар аударсақ.

1. Кейбір елдер АЭС-тан бас тартып, оларды тоқтата­тып жатыр, ал біз неге АЭС салуды қолдаймыз?

Оның бірнеше себебі бар. Алғашқысы – парниктік газ қал­дықтарын азайту. АЭС көмір­қышқыл газы мен басқа да пар­никтік газ қалдықтарын шығар­майды, бұл климаттың өзгеруі­мен күресуге ықпал етеді.

Екінші себеп – энергетика­лық тәуелсіздікті қамтамасыз ету. АЭС энергоресурстар им­портына тәуелділікті төмендетуге және елімізді энергиямен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2. АЭС құрылысы Қазақ­станның басқа мемлекет­тер­ге саяси тәуелділігін арттыра ма және бұл тәуелділікті тө­мендету үшін қандай тетіктер қарастырылған?

Қазақстанда АЭС салу басқа мемлекеттерге деген саяси тә­уелділікті арттырмайды. Кері­сін­ше, энергетикалық тәуелсіз­дікті нығайтуға ықпал етеді.

Бұл – еліміз үшін стратегия­лық маңызды жоба. Ол Қазақ­станның тәуелсіздігін нығайта отырып, еліміздің өз энергети­ка­лық ресурстарын дербес бас­қаруға мүмкіндік беретін сенімді және орнықты энергиямен жаб­дықтауды қамтамасыз етеді.

Сыртқы тәуекелдерді азайту және жобаның қауіпсіздігін қам­тамасыз ету үшін сенімді халық­аралық әріптестермен ынты­мақ­тастықтың егжей-тегжейлі тетіктерін, сондай-ақ озық тех­но­логияларды енгізу көзделген. Қазақстан АЭС жобасының ең жоғары стандарттарға сай болуы және ел мүддесіне толық жауап беруі үшін қарқынды жұ­мыс істеп жатыр.

АЭС – саяси емес, коммер­циялық жоба. Серіктес ретінде таңдалған кез келген компания тек АЭС салады, бірақ жұмыс істемейді. Қытаймен, Кореямен, Ресеймен және Франциямен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Олардың арасынан Қазақстан­ның қажеттіліктеріне кешенді түр­де жауап бере алатыны ғана таңдалады. Сондай-ақ амери­ка­лық (NuScale) және амери­калық-жапондық бірлескен ком­панияларының (GE-Hitachi) тө­мен қуатты перспективті реак­торлары зерттелуде.

3. АЭС-ты пайдаланудың ұзақ мерзімді салдары жеткі­лікті дәрежеде зерттелді ме? Радиоактивті қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату жол­да­ры қарастырылды ма? Осы тәуекелдерді басқару үшін қандай шаралар көзделген?

III және III+ буындарының реакторларын пайдаланудың орташа уақыты 60 жылға есеп­телген. Дегенмен, арнайы тех­но­логиялық операцияларды орындау кезінде пайдалануды 100 жылға дейін ұзарту мүмкін­дігі бар. Ядролық қондырғыларды бастапқы лицензиясы­ның мерзімі аяқталғаннан кейін де ұзақмерзімді пайдалану көп­теген елде кең таралған.

Сонымен қатар, қолданыс­тағы АЭС-ды ұзақмерзімді пай­далану CO2 қалдықтарын азай­туға және “энергетика көзін ауыс­тыру” құнын төмендетуге мүм­­кіндік береді. Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың са­рап­­шылары ядролық энергия­сыз көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатына жету мүм­кін емес деген қорытындыға кел­ді. Ал Қазақстан 2060 жылға қа­рай декарбонизация бойын­ша міндеттемелерді орындауы тиіс.

Қоғамда радиациялық қауіп туралы стереотип қалыптасып қалған. Бұл жерде сәулеленген ядролық отын қалдық емес екеніне назар аудару керек. Оны өңдеу нәтижесінде қайта пайдалану үшін 90 пайыздан астам пайдалы материалдар алуға болады.

Радиоактивті қалдықтардың шамамен 97 пайызы радиохи­миялық сипаттамалары бойын­ша төмен белсенді қалдықтар немесе өте төмен белсенді қал­дықтар болып жіктеледі. Жоға­ры белсенді қауіпті қалдықтарға келсек, олардың үлесі 0,1 па­йыздан аз.

АЭС-тен шығатын қалдық­тар­дың көлемі басқа өндірістік қалдықтармен, оның ішінде жы­лу электр стансаларының қал­дықтарымен салыстырғанда әлдеқайда аз екенін айта кет­кен жөн. АЭС жұмыс істеген кез­де белгіленген қуаттылықтың әр­бір 1 ГВт үшін жылына шама­мен 50 текше метр радиоактивті қал­дық қалады. Бұл АЭС жұмыс істеген 60 жылыда 3600 тонна қалдық қалады деген сөз.

4. АЭС-ті пайдаланудың ра­диациялық тәуекелдері ха­лықтың денсаулығы мен эко­жүйеге қалай әсер етуі мүм­кін және бұл тәуекелдерді азайту үшін қандай сақтық ша­рала­ры қарастырылған?

Қазақстанда қауіпсіздік дең­гейі жоғары жаңа буын АЭС са­лу мүмкіндігі қарастырылып жа­тыр. Сонымен қатар, нысанды салу және пайдалануға қатысты барлық үдеріс бүкіл өркениетті әлемде қолданылатын халық­аралық қауымдастық әзірлеген ережелер мен талаптарға сәй­кес жүзеге асырылады. Бұл іске Атом энергиясы жөніндегі ха­лықаралық агенттік (МАГАТЭ) те араласатын болады.

Қазір ядролық реакторлар әлемнің 31 елінде жұмыс істеп тұр. Олардың қатарында АҚШ пен Франция да бар. Бүгінде Қы­тай, Оңтүстік Корея, Үндістан, Түркия, Ұлыбритания және Ре­сей елдерінде АЭС салынып жатыр. Бұл стансалардың қа­жеттігіне және оның қауіпсізді­гіне дәлел бола алады.

5. АЭС-тың аймақтағы био­логиялық әралуандыққа әсе­рін қалай бағалауға болады?

АЭС-ты табиғи су қоймала­ры­ның жағасына салу бүкіл әлемде кеңінен қолданылады. Қоршаған ортаны және барлық тіршілік иелерін қорғау үшін ең жаңа технологиялық әзірлеме­лер бар. Мәселен, Қазақстанда жаңа буын АЭС салу қарас­ты­рылып жатыр. Кейбір елдер стансалардың айналасын­да­ғы флора мен фаунаның жағда­йын жақсарту және оның маңын демалыс орнына айналдыру үшін АЭС-тың мүмкіндігін пай­да­­ланады. Осылайша, АЭС-тың салқындатқыш тоғандарын­да балықтың ондаған түрі өсірі­ле­ді және балық аулаудан ха­лық­ара­лық деңгейдегі чемпио­нат­тар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, есептеу­лер­ге сәйкес, АЭС-тың жұмы­сынан болатын судың қайта­рым­сыз шығыны Балқаш көлінің табиғи булануының 0,32 пайы­зы­­на тең болады.

6. АЭС пайдалануға беріл­геннен кейін электр энергия­сының тарифі арта ма?

АЭС-та өндірілетін электр энергиясының құны отынның тұ­рақты бағасы мен энергия сы­йымдылығына, сондай-ақ стан­саның ұзақ қызмет ету мерзімі­не байланысты басқа энергия көздерімен салыстырғанда жо­ға­ры болмайды. Қызмет ету мер­зімі 60 жыл деп белгіленгенімен, оны 80 жылға дейін ұзарту мүм­кіндігі бар. Тариф вендор­лар­мен келіссөздер жүргізіліп, жо­ба­ны іске асыру шарттарын тал­қылап және жобалық құжатта­маны әзірлегеннен кейін айқын­да­латын болады. Бұл талқы­лау­лар мен құжаттаманы да­йындау жобаның барлық эко­номикалық және техникалық аспектілерін ескере отырып, әділ және бәсекеге қабілетті бағаны белгілеуге көмектеседі.

(“aes2024.kz” сайтынан алынды).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp