«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Балаңыздың телефонын тексересіз бе?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Соңғы уақытта мектеп оқушылары арасында өз-өзіне қол жұмсау деректері көбейіп отыр.  Осыған байланысты 23-27 қыркүйек аралығында еліміздің барлық мектебінде ата-аналар жиналысы өтеді.

Жиналыста ата-аналардың бала өміріндегі, сондай-ақ онлайн кеңістіктегі қауіпсіз­дігіне қатысты жауапкершілігі туралы сөз қозғалады. Ба­ланың мінез-құлқын бақылау, әлеуметтік желілердегі бел­сенділік мониторингі, құрдас­тарымен қарым-қатынасты  үйлестіруге қатысты ұсыныс­тар беріледі.

Бала қауіпсіздігі ата-ана, пе­дагог, әрбір ересек адам үшін басымдыққа ие болуы тиіс. Баламен ашық диалог құ­ру, оның өміріне ұдайы қаты­сып отыру – бұл проблема­лар­дың алдын алуға көмекте­сетін негізгі қадамдар. Соны­мен қатар, цифрлық құрыл­ғыларды бақылау және ба­ламен қауіпсіздік тақыры­бнда әңгімелесу де маңыз­ды. Ата-аналардың міндеті тек баланың жүріс-тұрысын ба­қылап қана қоймай, со­нымен қатар өз перзентімен  оны әрқашан тыңдауға және көмектесуге дайын екенін білдіретін сенімді қарым-қатынас қалыптастыру.

Биылғы оқу жылынан бас­тап мектептерде апта сайын “Қауіпсіздік сабақтары” өтуде. Сондай-ақ балалар мен ата-аналар және педагогтар үшін психологиялық, құқықтық жә­не әдістемелік кеңес алуға бо­латын психологиялық қолдау орталықтары ашылды.

Әсел ОРАЗБАЕВА,

облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp