«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада архив саласындағы ынтымақтастық жө­ніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының V-ші отыры­сы өтті. Алқалы жиынға Қазақстан Республикасы Мә­дениет және ақпарат министрлігінің, Ресей Феде­рациясының Федералды архив агенттігінің өкілдері, екі елдің тарихшы ғалымдары мен мұрағатшылары қа­тысты. Шарада “Голод в Казахстане и России. 1927-1934 г.г.” құжаттар жинағының тұсауы кесілді.

Отырысты Солтүстік Қазақ­стан мемлекеттік архивінің ди­ректоры, тарих ғылымдары­ның кандидаты Сәуле Мәліко­ва жүргізді. Ол жиынға қатысу­шыларды таныстырып, комис­сия отырысының жұмысына тоқталды. Сәуле Зейноллақы­зы еліміздің тарихы мен мәде­ниетін құрметтеу, құндылық­тарды болашақ ұрпаққа жеткі­зу басты мақсат екенін айта келе, Солтүстік Қазақстан мем­ле­кеттік архиві өңіріміздің та­рихы туралы деректерді жи­нақтап, сақтауда үлкен жұмыс атқарып отырғанын жеткізді.

– Өскелең ұрпақтың рухани қажеттілігін қанағаттандыру, таным көкжиегін кеңейту, жо­ға­ры эстетикалық талғамын қа­лыптастыруда архив құжатта­ры­ның орны ерекше. Архив ғи­маратында зерттеуші ғалым­дар мен басқа да мамандарға қызмет көрсету, оларға ғылы­ми-зерттеу жұмысын жүргізуге жағдай жасау өте маңызды. Ол үшін бірыңғай жүйені жетілді­ріп, архивтік дереккөздердің қо­ғамның пайдалануына және тиімді қолдануына ықпал жа­сай отырып, архивтерді ұлт мұ­расының бірегей жүйесіне ай­налдыруымыз керек, – деген Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның аты­нан көрші елден келген мей­мандарға ризашылығын жеткізіп, екі мемлекеттің ға­лым­дары бірлесе әзірлеген жаңа жинақтың жарық көруі­мен құттықтады.

Содан кейін Ресейдің Федералды архив агенттігі басшысының орынбасары Андрей Юрасов сөз алды. Ол “Голод в Казахстане и России. 1927-1934 г.г.” құжаттар жинағы архив саласындағы ынтымақтастық байланыстың ортақ жемісі екенін айта келе, комиссия жұмыс істеген 6 жылдың ішінде бірнеше отырыс өткенін,  соның ішінде үш жоба жүзеге асырылғанын тілге тиек етті.

Мамандардың айтуынша, Қазақстан мен Ресей архившілерінің бірлесе дайындаған жинағында екі елдің тарихына қатысты көптеген құнды мәліметтер бар.  Ашаршылық кезең тарихи құжаттар негізінде сипатталған. Халқымыздың басына төнген нәубеттің алғышарттары мен себептері көрсетіліп, жинақта сол кезеңде өмір сүрген адамдардың трагедиясы нақты дәйектер арқылы орын алған. Ашаршылық зұлматты айқын суреттеген бұл кітап 530 данамен ғана жарыққа шыққанын атап өткен жөн. 

Жиында Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған, Ресей ғылым академиясына қарасты Ресей тарихы институтының Экономика тарихы орталығының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Виктор Кондрашин және басқа да ғалымдар баяндама жасады.

Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.