ТАРИХИ АТАУЛАРДА ТЫЛСЫМ СЫР БАР
Өңірімізде жер-су, елді мекен атауларының тарихи қалыптасуы, заманына қарай әртүрлі күй кешуі, ой тереңіне салып сараптасақ, қилы-қилы жолдармен, саяси-әкімшілік, үстем таптық тегеурінмен алыса отырып осы күнге жеткенін көреміз. Өзінің түпкілікті атауынан ауытқып, саяси соқпақтың салдарынан сан өзгерген атаулардың сансыз тізбегі терең ойға қалдырады. “Неге?” деген сұрақ толғандырып, өзіміздің салғырт мінезіміздің өз тарихына пана болмағандығы ашындырады, …