«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Археология алыбы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті тарих мұражайының қабырғасында көрнекті ғалым, белгілі археолог Виктор Зайбертті еске алу кеші өтті. Шараға Виктор Федоровичтің туыстары, достары, әріптестері мен шәкірттері қатысып, оның ғылыми мұрасы туралы әңгімеледі.

Виктор Зайберт – тарих ғылымдарының докторы, археология профессоры, Қазақстанның Әлеуметтік ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі. Бүкіл әлемге Ботай мәдениетін таныстырған зерттеушінің артына қалдырған мұрасы аз емес. Ғалым – жүзден астам ғылыми мақала мен монографияның авторы. Археолог Кембридж, Оксфорд, Белфаст, Ньюкасл және Эдинбург университеттерінде “Еуразия археологиясы” атты тақырыпта дәрістер оқыған. Виктор Зайберт ғұмырының көп бөлігі біздің университетпен байланысты. Ол мұнда студенттерге дәріс оқып, ғылыми орталықты басқарды, кафедра меңгерушісі, университеттің студенттері мен оқытушылары қатысатын Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының жетекшісі болды.

– Университеттің тарихи мұражайында белгілі ғалым Виктор Зайберт атындағы залдың болуы көңілге қуаныш ұялатады. Қазақты әлемге танытқан осындай азаматтың әр ісі ұрпаққа үлгі. Оның еңбектері жастардың бойына елге, туған жерге деген махабат ұялатады, – дейді университет ректорының кеңесшісі Ерлан Тоқшылық.

Виктор Зайберт атындағы залда Ботай мәдениеті туралы деректермен танысуға болады. Археологтың өмір жолы туралы мағлұматтар  да осында жинақталған.

Диана ХАЛИМОВА,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың медиа-орталығының бас редакторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp