27 қыркүйек күні Ақжар аудандық полиция басқармасына Талшық ауылындағы мектепте балалардың есінен танғаны, бөлмеден улы иіс шығып жатқаны туралы хабарлама түскен. Тергеу тобының мүшелері мен учаскелік инспектор оқушыларды, техникалық қызметкерлер мен мұғалімдерді ғимараттан эвакуациялаған, содан кейін кабинеттерді тексеруге кіріскен.
Тексеру барысында мектептің екі мұғалімінің бұрыш спрейіне қарап тұрғаны, біреуінің спрейді шашқаны, улы газдың ауаға тарағаны анықталған.
Оқиға салдарынан 11 және 9 жастағы екі оқушы, сондай-ақ 53 жастағы әйел зардап шегіп, аудандық ауруханаға жеткізілген. Бұрыш спрейін шашқан мұғалімдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әсет ҚАНАФИН.