Шайбалы хоккейден ел біріншілігінің кезекті ойынын “Құлагер” клубы өз айдынында өткізді. Осы жолы жерлестеріміз қарағандылық “Сарыарқа” командасымен кездесіп, қос матчта да жеңіс қарсыластарымызға бұйырды.
Петропавлдағы Спорт сарайында өткен бірінші кездесуде қарағандылық клуб 1:2 есебімен жерлестерімізді тізе бүктірді. Қарымта ойында солтүстікқазақстандық хоккейшілер есе қайтаруға тырысты. Өкінішке қарай, бұл жолы да жеңіс “Сарыарқа” командасының еншісіне жазылды. Қонақтар жауапсыз үш шайба соғып, айқын басымдықпен қажетті үш ұпайды қоржындарына салды.
Келесі ойынды жерлестеріміз сырт алаңда қазанның 6-сы күні өскемендік “Торпедоға” қарсы өткізеді. Әзірге “Құлагер” командасы турнир кестесінде 7-ші орында келе жатса, көш басында – көкшетаулық “Арлан” клубы.
Аманжол Нұртазин,
“Soltüstık Qazaqstan”.