«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тағылымды кездесу

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

И.Шухов атындағы орта­лық қалалық кітапханада Халықаралық қарттар күні қарсаңында өңірімізге белгілі еңбек ардагерле­рім­ен кездесулер ұйымдас­ты­­рылды.

“Sana” әдеби-музыкалық клубы аясындағы “Өңірде із қал­дырған есімдер” шарасына об­лысымыз­дың құрметті азаматы, белгілі спортшы Жамбыл Тасеме­нов пен өлкетанушы Сағындық Салмұрзин құрметті қонақ ретінде шақырылды.

Библиоэфир барысында олар өне­гелі өмір жолдарынан сыр шерт­ті. Түрлі сауалдарға жауап беріп, қо­ғамдағы өзекті мәселелерді ортаға салды. Жамбыл Серғазыұлы отба­сы құндылықтары, ерлі-зайыптылар ара­сындағы сыйластық мәселе­сін сөз етсе, Сағындық Досмақ­ұлы өз шығармашылығындағы жа­ңалық­тармен бөлісіп, оқырман­дар­ды сия­сы кеппеген еңбектерімен таныс­тырды. 

 Алтынай СЫЗДЫҚОВА,

И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp