«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Сарыарқаға” жол берді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шайбалы хоккейден ел бі­рін­шілігінің кезекті ойынын “Құ­лагер” клубы өз айдынын­да өт­кізді. Осы жолы жерлесте­ріміз қарағандылық “Сарыар­қа” ко­мандасымен кездесіп, қос матч­та да жеңіс қарсылас­та­рымызға бұйырды.

Петропавлдағы Спорт са­райында өткен бірінші кездесуде­ қарағандылық клуб 1:2 есе­б­імен жерлестерімізді тізе бүк­тірді. Қарымта ойында солтүстікқазақстандық хоккейшілер есе қайтаруға тырысты. Өкі­нішке қарай, бұл жолы да же­ңіс “Сарыарқа” командасының ен­шісіне жазылды. Қонақтар жауап­сыз үш шайба соғып, ай­қын ба­сымдықпен қажетті үш ұпайды қоржындарына салды.

Келесі ойынды жерлесте­ріміз сырт алаңда қазанның 6-сы күні өскемендік “Торпедоға” қарсы өткізеді. Әзірге “Құлагер” командасы турнир кестесінде 7-ші орында келе жатса, көш басында – көкшетаулық “Ар­лан” клубы.  

Аманжол Нұртазин,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp