«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 02.10.2024

ЕЛ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТҚАН ЧЕМПИОНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Петропавлда әлемдік додалардың чемпиондары және 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері марапатталды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жеңімпаздарға пәтер кілттерін табыс етті. Жаттықтырушылар да ұмыт қалған жоқ. Спортшыларымыздың байрақты бәсекелерде жоғары нәтижеге қол жеткізуі ел мерейін өсірді. “Облыс тарихында біздің спортшылар алғаш рет осындай жоғары нәтижеге қол жеткізіп отыр. Олар өскелең ұрпаққа үлгі. Бапкерлерге де алғысым шексіз. …

ЕЛ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТҚАН ЧЕМПИОНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ Read More »

Шағынаудандағы шұғыла

Қарттар күніне орай Петропавлдағы аға буын өкілдері “Бірлік” шағынауданына барып, атқарылған жұмыстармен танысты. Іс-шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те қатысты. Жаңадан бой көтерген ша­ғын­аудан тұрғындары аға буын өкілдерін ерекше салтанатпен қарсы алды. Жергілікті өнер­паздар әннен шашу шашса, ақ­жаулықты аналар аста-төк дас­тарқан жайды. Меймандар ша­ғынауданды аралап шыққан­нан кейін игі іске ат салысып, жаңа балабақшаның маңайына ағаш …

Шағынаудандағы шұғыла Read More »

Қызылжардың инвестициялық әлеуеті жоғары

Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің ұйымдастыруымен Мәскеуде “Қазақстан – мүмкіндіктер векторы” атты іскерлік диалог алаңы ұйымдастырылды. Оған екі елдің мемлекеттік органдарының, даму институттарының мамандары, шағын және орта бизнес өкілдері қатысты. Жиынға өңір делегациясын облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов бастап барды. Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Ресей Феде­рациясындағы елшісі Дәурен Абавтың, Қазақстан-Ресей іс­кер­лік кеңесінің тең төрағасы Тимур Жаркеновтің, …

Қызылжардың инвестициялық әлеуеті жоғары Read More »

Энергия тапшылығы: мәселені шешудің мүмкіндігі

Елге АЭС не үшін қажет? Ол қандай мәселені шешеді? Оның қауіпсіздігі үшін не істелмек? Осы және өзге сауал төңірегінде бірқатар ойды сараптап көрелік. Жарық жеткіліксіз Көмір мен көгілдір отын қоры елде мол бола тұрып неліктен АЭС құрылысы ту­ралы шұғыл идея көте­рілді? Бұл сұрақ көптің кө­кейінде. Электр энер­гия­сын тұтыну өскенін ескер­сек, энергиямен тұрақты қамтитын электр қуа­тын …

Энергия тапшылығы: мәселені шешудің мүмкіндігі Read More »

“БІРЛІКТЕГІ” тынымсыз тірлік

Биылғы жылы көктемде болған алапат су тасқынынан Петропавл қаласында 2400-ге жуық үйге зақым келді. Олардың басым бөлігі Ойқала, Былғары зауыты, Заречный ша­ғынаудандарында орналасқан баспаналар болатын. Біздің қо­лымыздағы деректерге қараған­да, құрылған арнайы комиссия 1600 үйді тұруға мүлдем жа­рам­сыз және 757-ін қалпына кел­тіруге болады деп таныған. Мемлекеттік органдар, кәсіп­орындар, еріктілер мен қайы­рымдылық ұйымдары, тіпті қара­пайым адамдар көктем …

“БІРЛІКТЕГІ” тынымсыз тірлік Read More »

Дипломатия дүлдүлі

Сәлім Құрманғожин қазақ дипломатиясының тарихына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары және өз ісіне адал, дипломатиялық қызметке өзін толық арнаған жарқын тұлға ретінде енді. Еліміздің Венгриядағы тұңғыш төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған кезінде Сәлім Әлмағамбетұлы Венгриямен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосты. Тәжірибелі дипломат, адал одақтас, лайықты басшы бола отырып, өзінің бар білімі …

Дипломатия дүлдүлі Read More »

Ақшасын баласына емес, букмекерге берген

Өңір прокурорлары алиментті қасақана тө­лемей жүргендерді тек­се­ріп, олардың жасырын кірістерін анықтады. Ал­ты борышкер соңғы бір­неше жылда букмекерлік кеңселерде 56 млн. тең­ге­нің операциясын жасаған. Жергілікті қадағалаушы орган тексеріс жұмыстарын Бас прокуратураның тапсыр­масымен жүргізген. Балала­ры­на бірнеше миллион теңге қа­ры­зы бола тұра, мойнында алименті барлар букмекерлік кеңселерде құмар ойындарға көп ақша жұмсап, өз міндет­темелерін орындамай келген. Мәселен 4,7 …

Ақшасын баласына емес, букмекерге берген Read More »

Ісмердің байлығы – қолында

Көне замандарда қалыптасып, бүгінге дейін өз қасиетін жоғалтпай жеткен, қазақ ұлттық мәдениетінің аса құнды салаларының бірі – қолөнер. Қолөнер – ілкі заманның шежіресі, халқымыздың рухани болмысының айнасы, салт-дәстүрдің сарқылмас кеніші. Өңірімізде қазақтың тұрмыс-тіршілігінің өзегі болған мұраны жаңғыртып, төл өнерді жанына серік еткен жандар аз емес. Соның бірі – Қапура Әлімжанқызы. Тайынша ауданына қарасты Мәдениет ауылында …

Ісмердің байлығы – қолында Read More »

БАҒЫНАН СОРЫ БАСЫМ

Қатпар қыртысты тарихтың “ақтаңдақ” беттері жайлы көп ойлана-тол­ғана келіп, қолыма қалам алуды ұйғардым. Оған себеп, әлі күнге дейін “Тың эпо­пеясы” ту­ралы алаулатып, жа­лау­латып, әсірелеп сурет­теп, күнгей тұста­рына терең бойла­май бетін қал­қып өте шы­ғаты­нымыз. Сол­түс­тік Қазақ­стан мемлекеттік ар­хи­вінің ди­ректо­ры Сәуле Мәліко­ва өз ма­қала­сында ақиқат пен аңызға толы кезеңде небір жа­ңашыл баста­маларға жол ашыл­ғанын, соны­мен қатар асы­ра …

БАҒЫНАН СОРЫ БАСЫМ Read More »

Тегін дәрі кімдерге беріледі?

Өңірде 140 мың адам түрлі аурулармен диспансерлік есепке алынған. Яғни облыс тұрғындарының шамамен әр төртіншісінде созылмалы дерт бар. “Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қоры” коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыс­тық филиалының директоры Ай­нагүл Дәулетшинаның айтуын­ша, диспансерлік есепте тұрған­дар­дың 73 мыңға жуығы гипер­то­ниялық ауруға шалдыққан. Сыр­қаттардың ішінде егде жастағы науқастар да, жастар да бар. Мұн­дай науқастар өмір бойы учаске­лік …

Тегін дәрі кімдерге беріледі? Read More »