«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қызылжардың инвестициялық әлеуеті жоғары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің ұйымдастыруымен Мәскеуде “Қазақстан – мүмкіндіктер векторы” атты іскерлік диалог алаңы ұйымдастырылды. Оған екі елдің мемлекеттік органдарының, даму институттарының мамандары, шағын және орта бизнес өкілдері қатысты. Жиынға өңір делегациясын облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов бастап барды.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Ресей Феде­рациясындағы елшісі Дәурен Абавтың, Қазақстан-Ресей іс­кер­лік кеңесінің тең төрағасы Тимур Жаркеновтің, Евразия­лық эконо­микалық комиссия­ның Экономи­ка және қаржы сая­саты министрі Бақыт Сұлтанов­тың, Индустрия және құрылыс вице-министрі Ол­жас Сапарбе­ков­тің, Ресейдің Ин­дустрия және сауда министрінің орын­басары Алексей Груздевтің баяндамалары тыңдалды. Спи­керлер машина жасау, метал­лургия, химия өнеркәсібі, агро­өнеркәсіптік кешен, құрылыс ма­териалдарын өндіру, туризм са­лаларындағы ықтымақтастық мүм­кіндіктері мен озық инвес­ти­циялық жобалармен таныс­тырды.

Пленарлық отырыста сөз сөйлеген “KAZAKH INVEST” Ұлт­тық компаниясының басқарма төрағасы Ержан Елекеев қаты­сушыларды еліміздің инвести­ция­лық ахуалы, кәсіпорынның инвестициялар тарту жөніндегі жұмысы және мемлекеттік қол­дау шаралары, сондай-ақ қос­тараптық байланысты одан әрі кеңейтудің әлеуетті бағыттары туралы баяндады.

“Ресей ең ірі инвесторла­ры­мызың бірі болып саналады. Был­тыр құйылған қаржының жал­пы ағыны 3 млрд. АҚШ дол­ларын құрады, мұны рекордтық көрсет­кіш деуге болады. Деген­мен тау-кен металлургия кеше­ні, мұнай химиясы және туризм салала­рын­да игерілмеген мүм­кіндіктер көп. Мұндай бірлескен жобалар технологияның да­муы­­на, жаңа нарықтардың ашы­луына және жұмыс орындары­ның құрылуы­на айтарлықтай ықпал етеді”, – деді басқарма төрағасы.

2023 жылы республикада Ресейдің қатысуымен 4 мыңға жуық компания ашылған. Ал тір­келген кәсіпорынның саны – 28 мың. Бірлескен ірі кәсіп­орындар ішінде Түркістан облысында жарты мың гектар жерге қыза­нақ өсіру, Жамбыл облысында ми­нералды тыңайтқыштар өн­ді­рісін қолға алу, Қостанай об­лысында жүк көліктерінің бөл­шектерін шығару, Солтүстік Қа­зақстан облысында “Qyzyljar” ар­найы экономикалық аймағында­ғы ірі жобалар бар. Ресей – Қы­тайдан кейінгі екінші серіктесіміз. Былтыр екі ел ара­сындағы өзара сауда айналы­мы 12 трлн. 600 млрд. теңгеге жет­ті. Ресей тара­пы­нан – 12, Қа­зақстан жағынан 7 өңір шекара бойында орналас­қан. Бірегей инфрақұры­лымдық жүйенің ар­қасында 26 млрд. дол­ларлық бір­лескен жобалар жү­зеге асы­рыл­ды.

Кран өндіру компаниясының директоры Константин Каргер Пет­ропавл қаласында зама­науи жүк тиеу қондырғыларын шыға­ратын зауыт салынып жат­қанын, толық өндірістік циклді іске қосу үшін 5 млрд. теңге жұм­сала­тынын, минералды ты­ңайт­қыш­тар компаниясының пре­зиденті Олег Ширяев Жам­был облы­сында бой көтерген кәсіпорын қазақстандық фер­мерлердің шаруасын ілгеріле­тетінін, бұл салаға 27 млн. дол­лар бағыт­талғанын жеткізді.

Экономика және қаржы сая­саты министрі Бақыт Сұлта­нов­тың айтуынша, шетелдік ин­вес­ти­ция көлемі бойынша Қа­зақ­стан Орталық Азияда көш бастап тұр. Еуразия кеңістігін­дегі бизнес климатты жақсарту ша­ралары кешенді түрде жалға­сады.

Пленарлық сессияда Еура­зиялық экономикалық одақтағы іскерлік ортаны жақсарту мәсе­лелері талқыланды. Кәсіпкер­лікті дамытудың маңызды бір қа­дамы – ЕАЭО-да 142 секторды қамтитын бірыңғай қызметтер нарығын қалыптастыру. Осыған орай, трансшекаралық іс-қимыл және қатысушы елдер ара­сында тауар айналымын ұл­ғайту меха­низмі ойластырыл­ған. Бұдан бө­лек, транзиттік әле­уетті дамы­туға және логистика­лық тізбектерді оңтайланды­ру­ға бағыттал­ған ЕАЭО цифрлық көлік дәліз­дерінің экожүйесі құ­рылатын бо­лады. Нормативтік-техникалық құжаттар базасына электрондық түрде қол жеткізуді қамтамасыз ететін “Цифрлық техникалық рет­теу” бағдарла­масы енгізілмек.

Екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың, нәтижелі тәжірибе алмасудың және перспектива­лы жобаларды талқылаудың ма­ңызды алаңында сөз алған об­лыс әкімінің орынбасары Рүс­тем Құрманов өңірдің инвести­ция­лық және туристік әлеуетіне жан-жақты тоқталды. Ресейдің қоңсы қонған аймақтарымен үй­лесімді өзара іс-қимыл мен қо­лайлы шешімдерді табысты із­дестіру­дің нәтижесінде эконо­микалық қатынастардың жаңа, сапалы деңгейге көтерілгені ай­тылды.

Солтүстік Қазақстан облы­сы­ның делегациясы Мәскеу об­лысының Егорьевск қаласында­ғы “Ультрадекор” компаниясы­ның ағаш өңдеу кәсіпорнында бо­лып, өндіріс барысымен таныс­ты. Солтүстік Қазақстан облысы аумағында OSB плиталарын, ДСП және ламинат өндіру жө­ніндегі ірі жобалар жөнінен кең мағлұматтар берілді.

Теріскейлік делегация мү­ше­лері Қазақстан Республика­сының Ресей Федерациясында­ғы елшісі Дәурен Абаевпен бір­лесіп “Qyzyljar” арнайы эконо­ми­калық аймағы аумағында ин­вестициялық жобаларды іске асыратын ресейлік инвестор­лар­мен, “KazCrane Enginee­ring”, “Хлебпром” компанияла­ры­ның басшылығымен іскерлік кездесу­лер өткізді.

Дайындаған

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltustik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp