«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ақшасын баласына емес, букмекерге берген

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір прокурорлары алиментті қасақана тө­лемей жүргендерді тек­се­ріп, олардың жасырын кірістерін анықтады. Ал­ты борышкер соңғы бір­неше жылда букмекерлік кеңселерде 56 млн. тең­ге­нің операциясын жасаған.

Жергілікті қадағалаушы орган тексеріс жұмыстарын Бас прокуратураның тапсыр­масымен жүргізген. Балала­ры­на бірнеше миллион теңге қа­ры­зы бола тұра, мойнында алименті барлар букмекерлік кеңселерде құмар ойындарға көп ақша жұмсап, өз міндет­темелерін орындамай келген.

Мәселен 4,7 млн. теңге мөл­шерінде алимент бойынша бе­решегі бар борышкер, бір жыл ішінде танымал букмекерлік кеңседегі аккаунтын жалпы со­масы 33,9 млн. теңгеге то­лықтырып, осы кезеңде ұтыс арқылы 14,8 млн. теңге алған. Тағы бір борышкер 1,8 млн. теңге алиментін төлемей, екі жыл ішінде букмекерлік кең­седе 2,5 млн. теңгесінен айырылған.

Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша алты борыш­керге қатысты сотқа дейінгі тер­геп-тексеру басталды, бұл баптың санкциясы екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды көз­дейді.

Қылмыстық істерді облыс прокуратурасы бақылауда ұс­тамақ.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp