«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТҚАН ЧЕМПИОНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда әлемдік додалардың чемпиондары және 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері марапатталды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жеңімпаздарға пәтер кілттерін табыс етті. Жаттықтырушылар да ұмыт қалған жоқ.

Спортшыларымыздың байрақты бәсекелерде жоғары нәтижеге қол жеткізуі ел мерейін өсірді.

“Облыс тарихында біздің спортшылар алғаш рет осындай жоғары нәтижеге қол жеткізіп отыр. Олар өскелең ұрпаққа үлгі. Бапкерлерге де алғысым шексіз. Нағыз спортшыларды баптап, аламанға үкілеп қосу жоғары ше­берлікті талап етеді”, – деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Қазақ күресінен әлем чемпио­ны Алтынбек Аусағитовке, грек-рим күресінен әлем чемпионы Ислам Евлоевқа және Азия ойындарының жеңімпазы, былға­ры қолғап шебері Наталья Богда­новаға пәтер кілті берілді.

Астана қаласында өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресі бойынша ел намысын сәтті қорғаған Мейір­жан Берекетов облыс әкімінің Алғыс хаты мен ақшалай сертификатына ие болды. “Ұлттық құрама өзіне берілген тапсырма­ны орындап шықты. Мен 60 келі салмақ дәрежесінде жеңім­паз атандым. Тынымсыз еңбектің арқасында осындай жетістікке жеттік”, – дейді Мейіржан Бере­кетов.

Жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар ғана емес, жаттық­тырушылар да Құр­мет грамота­ларымен, Алғыс хат­тармен және ақшалай сертифи­каттар­мен ма­ра­патталды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Шыңғысхан БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp