«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 03.10.2024

АҒАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ

Бір ғасырдан астам тарихы бар облыстық “Soltüstık Qazaqstan” газетінде 1 қазан – Қарттар күні басылым бетінде қолтаңбалары қатталған аға буын өкілдерінің басын бір арнаға тоғыстырып, құрмет көрсету дәстүрі бұрыннан қалыптасқан. Биыл да бұл жолдан жаңылмаған редакция ұжымы еңбек майталмандарын төрге шығарып, мейман етті. Дастарқан басында бір-бірімен сағынысып қауышқан аға-апаларымыз өткен өмір өткелдеріне көз жүгіртіп, қызықты …

АҒАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ Read More »

Ғабеңнің костюм-шалбары

Қазақ әдебиетінің қабырға­лы қаламгері Ғабит Мүсірепов­тің Жамбыл ауданы, Жаңажол ауылындағы музей-үйіндегі құн­ды жәді­гер­лердің бірі – жазушы­ның ұна­тып киген костюм-шалбары, галстугі, жейдесі. Музей дирек­торы Клара Қашаеваның ай­туын­ша, Ғабит Махмұтұлы өте ұқыпты, тұла бойын таза ұс­тайтын сәнқой болған. Соңғы үл­гідегі әрі талғаммен тігілген киім­дер киген. – Бұл жәдігерлер музейге ерек­ше сән беріп тұрғандай. Жас кезімде жазушымен бірне­ше …

Ғабеңнің костюм-шалбары Read More »

КӨРКЕЙГЕН ҚАЛА

“Таза Қазақстан” республи­ка­­лық акциясы аясында Булае­во қа­ласында “Ұрпақпен байла­ныс” деп аталатын жаңа аллея пайда болды. Экологиялық ак­цияға ау­дандық ардагерлер ке­ңесі, де­путаттар, құқық қорғау саласы, төтенше жағдайлар бө­лі­мінің және түрлі мекеме қыз­меткер­лері, шекарашылар, ор­ман­шы­лар, жергілікті атқарушы билік өкілдері қатысып, жастар жағы ерекше белсенділік көр­сетті. “Мемлекет басшысының бас­та­масымен қолға алынған “Таза Қазақстан” республи­ка­лық акциясы ауданымызда қар­қын алған. …

КӨРКЕЙГЕН ҚАЛА Read More »

“Ақбереннің” үздіктері

“Қызылжар дарыны” орталығының мамандары республикалық “Ақберен” өнер байқауының облыстық кезеңін ұйымдастырды. Сайыста 60 оқушы сынға түсті. Байқау білгірлер сайысы, көр­кемсөз оқу, эссе жазу, ұлттық ас­папта өнер көрсету, ақындар ай­тысы, жазба ақындар мүшәйрасы сынды алты аталым бойынша өтті. Талапкерлердің байқауға ерекше дайындықпен келгені олардың сөз саптауынан, шығар­маны мү­дірмей жатқа айтула­рынан көрініп тұрды. Білгірлер сайысында 1-орынға Карима …

“Ақбереннің” үздіктері Read More »

Көп асқанға – бір тосқан

Полиция қызметкерлерінің назарына Петропавл қаласы­ның бопсалаумен, алаяқтықпен және тонаумен айналысқан 22, 19 және 17 жастағы тұрғындары түскен. Наурыз айында олар жас жі­гітті қаңырап бос жатқан ғима­рат­қа апарып, пышақпен қорқы­тып, 120 мың теңгеден астам со­маға шағын несие ресімдет­кізген. Кейін шабуылдаушылар жәбірленушінің құны 140 мың теңге болатын ұялы телефонын тартып ал­ған. Ал сәуір айында қылмыскер­лердің кенжесі, 17 …

Көп асқанға – бір тосқан Read More »

Лаура Қайыржанова: “ӘКІМДЕРДІҢ ЖАҒЫМСЫЗ ӘРЕКЕТІ ҚОҒАМ СЕНІМІН АЗАЙТАДЫ”

– Лаура Советқызы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына қандай міндеттер жүктелген? –Білім мен ғылымның қоғамға, мемлекеттің дамуына және жастардың болашағына ықпалы зор. Академияның басты мақсаты – мемлекеттік басқару саласындағы мамандарды даярлау, білім беру және ғылыми зерттеулерді дамыту. Біз еліміздегі мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру үшін нақты білім мен дағдыларды беруге назар аударамыз. Біріншіден, академия …

Лаура Қайыржанова: “ӘКІМДЕРДІҢ ЖАҒЫМСЫЗ ӘРЕКЕТІ ҚОҒАМ СЕНІМІН АЗАЙТАДЫ” Read More »

Қарттарға қамқор болайық!

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Біздің өңірде Халықаралық қарттар күніне орай қазан-қараша айларында қайырымдылық сенбіліктерін өткізу көп жылдардан бері игі дәстүрге айналған. Қайырымдылық акцияларына қатысқан еңбек ұжымдары, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар мен жекелеген азаматтар адамгершілік пен шынайы қамқорлықтың үлгісін көрсетіп, аға буын өкілдерінің ақ батасын алуда, алғысына бөленуде. Жомарт жандардың осындай игілікті істері қоғамның жақсы жағынан өзгеруіне септесуде. …

Қарттарға қамқор болайық! Read More »

САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ САНЫ ЕМЕС, САПАСЫ МАҢЫЗДЫ

Бүгінгідей жаhандану үрдісінде белгілі бір идеологиялық принциптер бойынша құрылатын саяси ұйымдардың негізгі қызмет функциясындағы, берік партиялық-идеялық ұстанымындағы ұйымдастырушылық рөлі бәсекелестік қағидатымен беки түскенін аңғару қиын емес. Осы себепті әр партияның қызмет бағыты мен ішкі ұйымдасуын айқындайтын негізгі құжаттар – бағдарлама мен жарғыны үнемі жетілдіріп отыруы заңды. Елімізде ауқымды реформалардың кезең-кезеңмен жүзеге асырылуының нәтижесінде саяси жаңғырулардың …

САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ САНЫ ЕМЕС, САПАСЫ МАҢЫЗДЫ Read More »

Сатып алған аурудың емі жоқ

Ұлт денсаулығы – ел дамуы­ның басты кепілі. Дені сау ел ға­на басқалармен терезесі тең болып, өркениет көшінің алды­на шыға алады. Азаматтардың өмір сүру ұзақтығы, медицина­ның даму деңгейі елдің әлеуетін айқындайтын бірден-бір көрсет­кіш. Алғашында не нәрсеге бол­сын шыдас беріп, құрыштай бе­рік болып көрінетін адам ағза­сынан ақау шығып, арты ауруға айналуы ғажап емес. Лұқпан­дай мың жасайтын тағдыр …

Сатып алған аурудың емі жоқ Read More »

ШАБЫНДЫҚ ТАПШЫЛЫҒЫ – ТОЛҒАҚТЫ МӘСЕЛЕ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің Шал ақын ауданына жұмыс сапары Жаңажол ауылынан басталды. Елді мекенде 400-ге жуық адам тұрады, оларға мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында бой көтерген медициналық мекемеде медициналық қызмет көрсетіледі. Мұнда бір мейірбике, бір кіші маман мен күзетші еңбек етеді. Аудандық аурухана дирек­торының міндетін атқарушы Нұрәлі Әбуов сырқаты бойын­ша есепте тұрған ауыл тұр­ғын­да­ры тегін дәрі-дәрмекпен қам­тамасыз …

ШАБЫНДЫҚ ТАПШЫЛЫҒЫ – ТОЛҒАҚТЫ МӘСЕЛЕ Read More »