«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Ақбереннің” үздіктері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Қызылжар дарыны” орталығының мамандары республикалық “Ақберен” өнер байқауының облыстық кезеңін ұйымдастырды. Сайыста 60 оқушы сынға түсті.

Байқау білгірлер сайысы, көр­кемсөз оқу, эссе жазу, ұлттық ас­папта өнер көрсету, ақындар ай­тысы, жазба ақындар мүшәйрасы сынды алты аталым бойынша өтті. Талапкерлердің байқауға ерекше дайындықпен келгені олардың сөз саптауынан, шығар­маны мү­дірмей жатқа айтула­рынан көрініп тұрды. Білгірлер сайысында 1-орынға Карима Кенжеболатова лайық деп таныл­ды. Көркемсөз оқу аталымында Аина Кеңес топ жарды. Эссені алдын ала берілген талаптарға сай жазған Айсәуле Хурметова үздік атанды. Ұлт­тық аспапта өнер көрсеткен Алтынбек Қожахмет, ақындар ай­тысында Мәдина Се­рік жеңімпаз­дар қатарынан кө­рінді.

Ақындар мүшәйрасында өзінің туындысымен қазылар алқасын таң­дай қақтырған Қарлығаш Қара­таеваға жүлделі бірінші орын бұйыр­ды. Әр аталымда үздік деп та­нылған оқушылар республи­калық кезеңге жолдама алды.

Ермек ЖҰМА,

“Soltüstik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp