Полиция қызметкерлерінің назарына Петропавл қаласының бопсалаумен, алаяқтықпен және тонаумен айналысқан 22, 19 және 17 жастағы тұрғындары түскен.
Наурыз айында олар жас жігітті қаңырап бос жатқан ғимаратқа апарып, пышақпен қорқытып, 120 мың теңгеден астам сомаға шағын несие ресімдеткізген. Кейін шабуылдаушылар жәбірленушінің құны 140 мың теңге болатын ұялы телефонын тартып алған.
Ал сәуір айында қылмыскерлердің кенжесі, 17 жастағы петропавлдық өзінің танысын, сондай-ақ кәмелетке толмаған баланы тонап, смартфондарын алып кетеді. Бұл қылмыстарды полиция қызметкерлері жедел түрде анықтаған. Қазіргі уақытта қылмыскерлердің үлкені 4 жыл 8 ай, кішісі 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылып, жазаларын өтеуде, екеуі де бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олардың жүргізушісі рөлін атқарған серіктесіне сот 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Игорь МЕРЦАЛОВ,
облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің жетекші маманы.