«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ғабеңнің костюм-шалбары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақ әдебиетінің қабырға­лы қаламгері Ғабит Мүсірепов­тің Жамбыл ауданы, Жаңажол ауылындағы музей-үйіндегі құн­ды жәді­гер­лердің бірі – жазушы­ның ұна­тып киген костюм-шалбары, галстугі, жейдесі. Музей дирек­торы Клара Қашаеваның ай­туын­ша, Ғабит Махмұтұлы өте ұқыпты, тұла бойын таза ұс­тайтын сәнқой болған. Соңғы үл­гідегі әрі талғаммен тігілген киім­дер киген.

– Бұл жәдігерлер музейге ерек­ше сән беріп тұрғандай. Жас кезімде жазушымен бірне­ше мәрте кездескенмін. Кейде қа­ламгер осы киімдерін киіп алып, музей ішінде жүргендей кө­­рінеді. Қаламгердің зайыбы Хұсни анамыз жұбайының жү­ріс-тұрысына, киім таңдау мәде­ниетіне ерекше мән берген. Кей деректерде шалбарын арнайы иіссумен үтіктегені туралы ай­тылады, – дейді Клара Қашае­ва.

Музей мамандары жазу­шы­ның киімдерін мәдениет орда­сына Алматыдан арнайы алдыртқан.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp