«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Талапқа сай

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Қорғаныс министрлігіне қарасты жергілікті мекемелерде болды. Алдымен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан қорғаныс істері жөніндегі департаментке соқты.

Жауапты іске “Петробилдинг” ЖШС есебінен 20-дан астам ма­ман жұмылдырылып, 15 қа­занға дейін толық аяқтау белгі­ленген.

Ғауез Торсанұлы жағдайды зерделегеннен кейін әскерилер мен Отан алдындағы борышын атқаруға шақырушыларға та­лапқа сай жағдай жасалу қажет­тігін атап көрсетті. Мердігердің на­зарын жұмыстың сапалы атқары­луына аударып, мекеме қызмет­керлеріне құрылыс барысын жіті қадағалауды тапсырды.

Бұдан кейін облыс әкімі Қорға­ныс министрлігіне қарасты  №99275 әскери бөліміне аялда­ды. Нысанның асханасы мен га­раж­дарын қалпына келтіру бірер күнде аяқталмақ. Күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Өңір жетекшісі атқарылған жұмысқа оң бағасын берді. Мекеме ауласын аралап, қандай шаруалар атқарылғанын көрді.

Әскери бөлімде 106  маман қызмет етеді. Бөлім командирінің міндетін атқарушы Қайрат Жәні­беков облыс әкімдігі тарапынан ұдайы көмек көрсетілетінін ай­тып, алғысын жеткізді.

“Құрылыс барысы жіті қада­ға­лауға алынған. Тиісті қаражат бөлінген. Біз де өз тарапымыздан істің сапалы атқарылуына мүдде­ліміз”, – деді Қайрат Жәнібеков.

Бұл ретте облыс әкімі Ғауез  Нұрмұхамбетов әскери сала қол­даусыз қалмайтынын қадап айт­ты.

Нұрасыл АХМЕТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp