Облыстық прокуратурада коммуналдық қалдықтарға қатысты экологиялық заңнаманы сақтау мәселесі бойынша алқа отырысы өтті.
Жиында келтірілген мәліметтерге және жүргізілген талдау нәтижелеріне қарағанда, қалдықтарды жоюға, орналастыруға қатысты, сондай-ақ коммуналдық төлем бойынша заңнама талаптары өрескел бұрмаланған. Прокурорлардың араласуынан кейін 11 ауданда тұрғындар үшін қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған арнайы тарифтер белгіленді. Өңірдің 6 ауданында негізсіз көтерілген тарифтерді төмендету бойынша нақты шаралар атқарылуда.
Экологиялық заңнама талаптарын бұзушылар арасында әртүрлі жауапкершілікке тартылған 95 тұлға, оның ішінде 3 аудан әкімі бар. Отырыс қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарға нақты тапсырмалар берілді.
Жыл басынан бері 300-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалып, 1,1 млрд. теңге қайтарылды.
Аида БАБАСОВА,
облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы.