«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МӘСЛИХАТТЫҢ МЕМЛЕКЕТШІЛ ДЕҢГЕЙІ МАҢЫЗДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елордада “Amanat” партиясының ұйымдастыруымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының II республикалық форумы өтті. Іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің төрағалары, депутаттар, Премьер-министр, Мемлекеттік кеңесші, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Үкімет мүшелері – жалпы саны 2 500 адам қатысты.

Жастардың үлесі артты

Форумда баяндама жасаған Президент Қасым-Жомарт То­қаев мəслихаттың мемлекеттік биліктің өте маңызды тармағы екенін атап өтіп, 2022 жылы ре­ферендум арқылы Конститу­ция­ға маңызды өзгерістер енгізіл­ге­ніне, соның нəтижесінде Парла­менттің рөлі айтарлықтай күшей­геніне, жалпы билік институт­та­рының жұмысын жетілдіру үшін нақты шаралар қабылданғанына назар аударды.

– Онда жергілікті өкілді би­лікке қатысты мəселелер де бар. Атап айтсақ, облыстық мəслихат сайлауы аралас жүйе арқылы өтеді. Ал аудандық депутаттар тек қана мажоритарлық тəсілмен сайланады. Бұл қадам еліміздің демократиялық жолмен дамуы­на зор серпін берді деп сеніммен айта аламыз. Ауқымды рефор­ма­ның нəтижесінде саяси бəсе­ке жандана түсті. Жаңа ережеге сай өткен сайлаудан кейін мəс­ли­хаттарға жаңа адамдар келді. Алты саяси партияның өкілдері депутат мандатына ие болды. Қа­зір мəслихат мүшелерінің он­нан бірі ғана – партиялық тізіммен кел­ген депутаттар. Қалғаны тү­гел – бір мандатты округтен сай­ланған азаматтар. Өзін-өзі ұсын­ған 434 адам депутат атанды. Ашығын айтсақ, бұрын саяси пар­тиялар жұмысқа көп көңіл бөл­мей­тін. Заңмен талап еткеннен кейін ғана мəн бере бастады. Мы­салы, партиялық тізімде жас­тарға ар­найы квота бөлінді. Бұл шешім олар­дың қоғамдық-саяси үдеріс­ке араласуына жол ашып берді. Бұрын мəслихаттағы жас аза­мат­тар­дың үлесі 2 пайызға да жет­пейтін. Қазір заңнамаға енгі­зілген өзгерістердің нəтиже­сін­де бұл көрсеткіш еселеп арт­ты деу­ге болады. Бүгінде орта­мызда көп­теген жас депутат отыр. Олар түрлі мінберден жастарға қатыс­ты өзекті мəселе­лерді батыл кө­теріп жүр. Өкілді билікте əйел­дер­дің қатары кө­бейе түсті. Елі­мізде қыз-келін­шек­тердің баста­маларына жан-жақты қолдау көр­сетіліп жатыр. Əйелдердің құқы­ғын қорғауға баса назар аудары­лады. Осы­ның бəрі реформаның нақты нə­тижесі екені сөзсіз, – деді Қа­сымЖомарт Тоқаев.

Президент депутаттардың өкілді билік функциясын халық­тың сеніміне сай жоғары деңгей­де атқаруына қажет бірнеше мə­селеге тоқталды. Ең бірінші ке­зекте мəслихат депутаттарының біліктілік деңгейін жоспарлы түр­де арттыру керек деп санайды.

– Мəслихаттар – жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі негіз­гі институт. Сондықтан оның тиім­­ді­лі­гі депутаттардың кəсіби­лігіне тікелей байланысты. Білі­мі­не бі­лігі сай депутаттар корпу­сын жа­сақтауға, ең алдымен, олар­ды ұсынған партиялар мүд­делі бо­луы керек. Бүгін мəслихат депу­таттарының біліктілігін же­тіл­діру туралы ұсыныс айтылды. Мəс­ли­хат депутаттары қызметі­нің тиім­ділігін арттыру үшін бұл бағытқа ерекше назар аудару қа­жет. Бұған Мемлекеттік басқару академиясын тарту керек. Пар­тия­лар өз депутаттарының білік­тілігін жетілдіру мақсатында ака­демиямен ынтымақтастық ор­нат­қан жөн деп санаймын. Əри­не, бұл жұмысты аймақтың ерек­шеліктерін, халық қалаулыла­ры­ның кəсіби жəне қоғамдық-саяси тəжірибесін ескере отырып ұйым­­дастыру қажет. Сонымен қа­тар депутаттар халықпен тікелей байланыс жасай білуге жəне өз жұмысы туралы қоғамды жан-жақ­ты хабардар етуге тиіс. Мо­йын­дауымыз керек, бұл істе көз­ге көрініп тұр

Мəслихат пен əкімдер — мемлекеттің қос тірегі

Мемлекет басшысы мəсли­хаттардың жергілікті экономика­лық саясатқа ықпалын арттыра түсу мəселесіне айрықша мəн беру керек екенін атап өтті.

– Қазір жаңа Бюджет жəне Са­лық кодекстері əзірленіп жатыр. Онда жергілікті өзін-өзі басқару­ға қатысты реформаның ерек­ше­ліктері ескерілуге тиіс. Үкімет ауыл əкімдерінің бюджетін қа­лып­тастыру мен оны жұмсау тə­сілдерін қайта қарауы керек. Жер­гілікті өзін-өзі басқару жүйе­сі­нің қаржылық дербестігін арт­тыру үшін нақты ұсыныстар əзір­леуі қажет. Кодекс жобала­рын талқылауға мəслихаттар бел­се­не қатысқаны жөн. Жергі­лікті бюд­жет қаржысының дұ­рыс əрі тиімді бөлінуі өте ма­ңыз­ды.

Де­путаттар бұл мəселе­ге зор жа­уапкершілікпен қарау­ға тиіс, – деді Қасым-Жомарт То­қаев.

Бұған қоса Президент саяси партиялардың қоғамдағы өзекті мəселелерді шешуге ба­ғыт­талған жобалары мен баста­маларына тоқталып, көктемгі алапат су тасқыны кезінде бе­кем бірліктің үлгісін көрсеткен партиялардың, өзін-өзі ұсынған депутаттардың азаматтық бел­сенділігіне оң баға берді.

– Партиялардың жалпы­ұлт­тық міндеттерді шешу ісіне жұ­мыла кірісетіні қуантады. 9 мың­нан аса отбасы су басқан үйле­рін жөндеуге жəне қалпына кел­тіруге төлем алды, 6 мыңға жуық отбасына баспана сатып алуға қаржы бөлінді. Қысқа мерзім ішінде 2,5 мыңнан аса жаңа үй салынды. Жоспар­ланған 2 680 үйдің 2 620-сы пай­далануға берілді. Мұның бар­лы­ғы – мемлекеттің, бизнестің жəне қоғамның бірлесе атқарып жатқан жұмысының нəтижесі. Мен саяси партиялар, мəсли­хат­тар мен қоғамдық ұйымдар дəл осындай мызғымас бірлікте жұмыс істеуі керек деп санай­мын. Түптеп келгенде, алды­мыз­да тұрған мақсат – ортақ. Бұл – елімізді өркендету жəне ха­лықтың тұрмыс сапасын жақ­сар­ту, – деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет бас­шысы ауыл, аудан жəне об­лыстық маңызы бар қала əкім­де­рін тікелей сайлау жүйесі елі­міз­де жаңа саяси ахуалдың қа­лып­тасуына жол ашқанын атап өтті.

– Жергілікті атқарушы билік­ке жаңа буын өкілдері көптеп келе бастады. Кəсіпкерлердің, қо­ғамдағы белсенді азаматтар­дың, жастардың арасынан шық­қан əкімдер аз емес. Қазір олар ел басқару ісін үйреніп, тəжіри­бе жинап жатыр. Жедел шешім қабылдап, жұмысты дер кезінде ұйымдастыруға бейімделіп ке­леді. Бұл қыста жылу-энергетика саласында күрделі жағдай бол­ған кезде анық байқалды. Көк­темдегі тасқын да кімнің қо­лынан іс келетінін нақты көрсет­ті. Шаруаға ширақ əрі елге жан­ашыр азаматтардың əкім болға­ны дұрыс. Оларға жан-жақты қолдау көрсету керек. Əсіресе мəслихат депутаттары мен əкім­дердің бірлесе жұмыс істе­ге­ні жөн. Өйткені оларды мем­лекеттің жергілікті жердегі қос тірегі деуге болады, – деді Қа­сым-Жомарт Тоқаев.

Əлемдік прогрестен шет қалмауға тиіспіз

Президент бірнеше күннен кейін өтетін жалпыұлттық рефе­рендумның маңызына тоқта­лып, оған “Халық үніне құлақ аса­тын мемлекет” тұжырымда­ма­сының жарқын көрінісі деп ба­ға берді.

Мемлекет басшысы сөзін қо­рытындылай келе, демократия үздіксіз жүретін үдеріс екеніне айрықша назар аударды. Пре­зи­денттің пікірінше, əлемдегі кез келген табысты демократия­лық қоғам айналасына бейжай қарамайтын азаматтардың ар­қа­сында ғана дамиды, өміршең болады.

Бұл ретте Қасым-Жомарт То­қаев келер ұрпаққа қажетті жағдай жасау ортақ парызымыз екеніне назар аударып, бала­лар­дың қауіпсіздігін қамтама­сыз ету, құқықтарын қорғау, олардың жан-жақты дамыту мем­лекеттік саясаттың ең бас­ты басымдығы болып қала бе­ретінін жеткізді.

Сонымен қатар Президент бақытты балалықтың негізі от­ба­сы институты екеніне тоқта­лып, ата-аналарды тəрбие мə­се­лесіне салғырт қарамауға ша­қыр­ды. Əсіресе ұрпақтың цифр­лық дүниелерге тəуелді болуы мен виртуалды əлемге шектен тыс құмартуы дертке айналып бара жатқанына алаңдау­шы­лық білдіріп, керісінше, оларға ел ішін­дегі шынайы қаһарман­дар­ды насихаттау қажет екенін айт­ты.

– Мысалы, жақында өткен Дү­ниежүзілік олимпиададағы шахматшы қыздарымыздың жар­қын жеңісі үлгі етуге тұрар­лық. Біздің оқушылар матема­тикадан, физикадан жəне басқа да пəндерден өткен олимпиа­даларда жоғары нəтижеге қол жеткізіп жүр. Осындай талантты балаларды қолдап, олардың ұс­таздарын ынталандыру ке­рек. Таяуда академик Асқар Жұма­ділдаев осы турасында: “Біздің спортшылар Олимпиадаға ба­рып, қарсыластарын төпелеп ұрып, танауын бұзып келеді. Ке­йін оларды əуежайда қарақұ­рым халық қарсы алып құттық­тай­ды, тіпті пəтер мен көлік сый­лап жатады. Ал математика, фи­зика, химия пəндерінен өткен халықаралық олимпиадаларда бірінші орын алған балала­ры­мызға мұндай құрмет көрсетіл­мейді”, – деп орынды пікір біл­дірді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет бас­шысы қоғамда тазалық мə­дениетін қалыптастырудың, заң мен тəртіп үстемдігін орнату­дың маңызы жөнінде пікір біл­дірді.

(“Egemen Qazaqstan”,

4 қазан 2024 жыл).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp