«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғамның ортақ парызы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қарияларды қолдау, олар­ға қамқорлық көрсету аға буын алдындағы өтелген пары­зымыздың аз ғана бөлігі іс­петтес. “Ардагерлер ұйы­мы” республикалық қоғам­дық бірлестігінің бастамасы­мен жылдар бойы елімізде қазан айы “Қарттарға қам­қорлық” акциясына ұласып келеді.

Халқымыз ежелден үл­кенді сыйлап, ақылын тың­да­ған, алдынан кесе көлде­нең өт­пеген. Елімізде қарт адам­дарға деген қамқорлық жыл сайын артуда. Жасы­ның егде тартуына, денсау­лы­ғының сыр беруіне байла­нысты қарт­тардың көптеген шешіл­меген мәселелері туындай­тыны анық, сондық­тан олар­ға қолдау көрсету туған-туыстары мен барша қоғам­ның міндеті.

Мемлекетіміз қарт адам­дарға деген қамқорлықты эко­номикалық дағдарыс ке­зін­де де тоқтатқан емес. Де­ген­мен елімізде әлі де бол­са әлеу­мет­тік көмекке мұқ­таж егде адам­­дар бар. Кей­бір қа­рия­лар жасы ұлғайған шағын­да жан жылуы мен ме­йірімге зәру.

Барлық қазақстандық­тар­ды, жұмыс берушілерді, биз­нес құрылым өкілдерін, аға буынның ел игілігіне қос­қан есе­лі еңбегін ұлықтауға, “Қарт­­тарға қамқорлық” ай­лық ак­циясына атсалы­суға шақырамыз.

Республикамыздағы ат­қа­рушы органдарды, жұмыс берушілерді, бизнес құры­лым­дарын, еріктілерді, қа­рия­ларға әсіресе мүгедек ар­дагерлерге, жалғыз басты зей­неткерлерге, аз қамтыл­ған қарттарға арнайы көңіл бө­луге үндейміз.

“Ардагерлер ұйымы” республикалық  қоғамдық бірлестігі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp