«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Аудан әкімдері де жазаланды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық прокуратурада коммуналдық қалдықтарға қа­тысты экологиялық заңнаманы сақтау мәселесі бойынша алқа отырысы өтті.

Жиында келтірілген мәлі­мет­терге және жүргізілген тал­дау нәтижелеріне қарағанда, қал­дықтарды жоюға, орналас­тыруға қатысты, сондай-ақ ком­муналдық төлем бойынша заң­нама талаптары өрескел бұр­маланған. Прокурорлардың ара­ласуынан кейін 11 ауданда тұр­ғындар үшін қалдықтарды жи­науға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған ар­найы тарифтер белгіленді. Өңір­дің 6 ауданында негізсіз көтерілген тарифтерді төмен­дету бойынша нақты шаралар атқарылуда.

Экологиялық заңнама та­лаптарын бұзушылар арасында әртүрлі жауапкершілікке тар­тылған 95 тұлға, оның ішінде 3 аудан әкімі бар. Отырыс қоры­тындысы бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті орган­дарға нақты тапсырмалар бе­рілді.

Жыл басынан бері 300-ден ас­­там кәсіпкердің құқығы қор­ға­лып, 1,1 млрд. теңге қайта­рылды.

 Аида БАБАСОВА,

облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp