«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 05.10.2024

Жастардың сәтті бастамалары

Петропавлдағы Достық үйінде дарынды жастарды анықтау, олардың бастамаларын қолдау және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешуге жұртшылықты тарту мақсатында қала жастары арасында стартап-жобалар байқауы өтті. Іс-шараны – “Қоғамдық келісім” мекемесі мен  облыстық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп ұйымдастырды. Стартап-жобалар конкурсына қатысуға 8 қатысушы өтінім берді. Белсенді жастар қатарында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің, Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машинажасау …

Жастардың сәтті бастамалары Read More »

Маман даярлау маңызды

Облыс орталығында өңірдегі гид-экскурсоводтардың санын арттыру және олардың кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында арнайы курс өтіп жатыр. Бұл шара өңірімізде туризм саласын қарқынды дамыту  мақсатында ұйымдастырылған. Өңірдің туристік әлеуеті жыл сайын артуы үшін сапалы қызмет көрсету аса маңызды. Қазіргі таңда өңірге келетін туристер саны өсіп, кәсіби гидтердің жетіспеушілігі туризм саласын толыққанды дамытуға кедергі келтіріп отыр. “Солтүстік …

Маман даярлау маңызды Read More »

ЖЕҢІС — ҚОНАҚТАР ЕНШІСІНДЕ

Футболдан ел біріншілігі аясында жергілікті “Қызылжар” клубы өз алаңында шымкенттік “Ордабасы” командасын қабылдады. Кездесу қонақтардың пайдасына шешілді. Бірінші тайм басталысымен шымкенттік аяқдопшылар шабуылдауға кірісті. Қонақтар көпке дейін жерлестеріміздің қақпасынан алыстаған жоқ. Қауіпті соққыларымен “Қызылжар” қақпашысын әбігерге салды. Ойынның бірінші бөлімі 0:0 есебімен аяқталды. Матчтың екінші бөлімін “Ордабасы” клубының ойыншылары шабуылдармен бастады. Жерлестеріміз болса, қорғанысқа көбірек …

ЖЕҢІС — ҚОНАҚТАР ЕНШІСІНДЕ Read More »

КЕНЕ ӘЛІ ДЕ ҚАУІПТІ

Сәуір айынан бүгінгі уақытқа дейін өңірде кене шағудың 643 жағдайы тіркелді. Өткен аптаның өзінде 12 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Эпидемиолог-мамандардың айтуынша, тіркелген 643 деректің 28 пайызында қансорғыштар 14 жасқа дейінгі балаларды шаққан. – Биыл 4 адамға кене энцефалиті және тағы соншасына лайм-боррелиоз диагнозы қойылды. Облыста Айыртау ауданы эндемиялық аудан болып есептеледі. Мемлекеттік тапсырыс бойынша осы …

КЕНЕ ӘЛІ ДЕ ҚАУІПТІ Read More »

Жертөлеге жасырған

Өткен жылдың соңында полицейлер жабайы сора өсімдіктерінен 2,6 келіден астам марихуана және 53 грамнан көп гашиш дайындаған 34 жастағы петропавлдықты ұстады. Есірткі заттары оның жертөлесінен тәркіленіп алынды. Ер адам бұл есірткі заттарын “Telegram” мессенджері арқылы сатуды көздеген. Ол арнаны топ құрып, онда өзінің “тауарын” жарнамалауға кіріскен, сондай-ақ басқа есірткі дүкенінің жарнамасымен бөліскен. Тергеу әрекеттері аяқталғаннан …

Жертөлеге жасырған Read More »

Тракторды мас күйінде тізгіндеген

Жамбыл ауданында учаскелік полиция инспекторына екі  трактор жүргізушісінің түскі уақытта егін жинау жұмыстарын жүргізу барысында ішімдік ішуі мүмкін деген ақпарат келіп түскен. Тексеру барысында ақпарат расталып, ауыларалық жолмен келе жатқан 50 және 39 жастағы ер адамдардың орта дәрежеде мас екендіктері анықталды. Сол күні ауылдардың бірінде  “Учаске” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер ішімдіктің иісі шығып тұрған …

Тракторды мас күйінде тізгіндеген Read More »

ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ АЛТЫН ДӘУІРІ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған “Жошы ұлысы: мұра және оның Еуразиялық кеңістік тарихындағы рөлі” атты конференция өтті. Шараға Жапония, Түркия мемлекеттерінің,  Астана, Алматы, Тараз, Ақтөбе қалаларының зерттеушілері қатысты. – Шыңғыс ханның үлкен   ұлы – Жошы хан тарихта тек қолбасшы, ел билеуші ретінде ғана емес, көреген, дана көшбасшы ретінде қалды. Бұл …

ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ АЛТЫН ДӘУІРІ Read More »

ЗАҢСЫЗДЫҚТАР АНЫҚТАЛДЫ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыс бойынша департаменті тоғыз айда атқарған жұмысын қорытындылады. Есепті кезеңде департамент тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай күйіне 13 талдау жүргізді. Мониторинг аясында талдау денсаулық сақтау және мәдениет саласына қарасты 29 мемлекеттік кәсіпорынды қамтыды. Нәтижесінде денсаулық сақтау басқармасына бірқатар медициналық ұйымдардың жарғыларына түзетулер енгізу арқылы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы 4 нұсқама жіберілді. …

ЗАҢСЫЗДЫҚТАР АНЫҚТАЛДЫ Read More »

Ұстаз болу — адамның асылдығы

Ұстаз – әрбір адамның өміріне әсер ететін ерекше тұлға.  Оның еңбегі білім мен тәрбиенің тұғырын қалап, ұлттың болашағын қалыптастырады. Қазіргі қоғамда мұғалім тек білім беруші емес, сонымен бірге оқушылардың рухани әлеміне, адамгершілік құндылықтарына әсер ететін маңызды тұлғаға айналып отыр. Мұғалім тек білім берумен шектелмейді, сонымен қатар бала бойына мәдениеттілік, жауапкершілік, әділдік секілді қасиеттерді дарытады. Осындай …

Ұстаз болу — адамның асылдығы Read More »