«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жертөлеге жасырған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен жылдың соңында полицейлер жабайы сора өсімдіктерінен 2,6 келіден астам марихуана және 53 грамнан көп гашиш дайындаған 34 жастағы петропавлдықты ұстады.

Есірткі заттары оның жертөлесінен тәркіленіп алынды. Ер адам бұл есірткі заттарын “Telegram” мессенджері арқылы сатуды көздеген. Ол арнаны топ құрып, онда өзінің “тауарын” жарнамалауға кіріскен, сондай-ақ басқа есірткі дүкенінің жарнамасымен бөліскен.

Тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілді. Ол есірткі жасағаны, сату мақсатында сақтағаны және жарнамалағаны үшін сотталды. Петропавл қалалық соты ер адамды 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp