«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕҢІС — ҚОНАҚТАР ЕНШІСІНДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Футболдан ел біріншілігі аясында жергілікті “Қызылжар” клубы өз алаңында шымкенттік “Ордабасы” командасын қабылдады. Кездесу қонақтардың пайдасына шешілді.

Бірінші тайм басталысымен шымкенттік аяқдопшылар шабуылдауға кірісті. Қонақтар көпке дейін жерлестеріміздің қақпасынан алыстаған жоқ. Қауіпті соққыларымен “Қызылжар” қақпашысын әбігерге салды. Ойынның бірінші бөлімі 0:0 есебімен аяқталды.

Матчтың екінші бөлімін “Ордабасы” клубының ойыншылары шабуылдармен бастады. Жерлестеріміз болса, қорғанысқа көбірек көңіл бөлді. Десе де, қонақтар кездесудің 81-ші минутында дегендеріне жетіп, 0:1 есебімен қажетті үш ұпайларын еншіледі.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Шыңғысхан БЕКМҰРАТ.    

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp