Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыс бойынша департаменті тоғыз айда атқарған жұмысын қорытындылады. Есепті кезеңде департамент тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай күйіне 13 талдау жүргізді. Мониторинг аясында талдау денсаулық сақтау және мәдениет саласына қарасты 29 мемлекеттік кәсіпорынды қамтыды.
Нәтижесінде денсаулық сақтау басқармасына бірқатар медициналық ұйымдардың жарғыларына түзетулер енгізу арқылы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы 4 нұсқама жіберілді. Жалпы мемлекеттік органдарға тиісті заңнамаға түзетулер енгізу мәселелері бойынша 29 ұсыным жіберілді. Оның ішінде мектепке дейінгі білім беру қызметі, көмір сату, жолаушылар көлігі, дәрі-дәрмек сату және тағы да басқа салалар бар. Бұл ретте 14 ұсыным уәкілетті органдар тарапынан қолдау тапты.
Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.