«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕНЕ ӘЛІ ДЕ ҚАУІПТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәуір айынан бүгінгі уақытқа дейін өңірде кене шағудың 643 жағдайы тіркелді. Өткен аптаның өзінде 12 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Эпидемиолог-мамандардың айтуынша, тіркелген 643 деректің 28 пайызында қансорғыштар 14 жасқа дейінгі балаларды шаққан.

– Биыл 4 адамға кене энцефалиті және тағы соншасына лайм-боррелиоз диагнозы қойылды. Облыста Айыртау ауданы эндемиялық аудан болып есептеледі. Мемлекеттік тапсырыс бойынша осы ауданда сәуір-қыркүйек айларында дезинсекциялық шаралар жүргізілді, – дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов.

Кене энцефалитінің табиғи ошағында жұмыс істейтіндерге тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген емханада вакцина қойылады. 

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp