Жамбыл ауданында учаскелік полиция инспекторына екі трактор жүргізушісінің түскі уақытта егін жинау жұмыстарын жүргізу барысында ішімдік ішуі мүмкін деген ақпарат келіп түскен. Тексеру барысында ақпарат расталып, ауыларалық жолмен келе жатқан 50 және 39 жастағы ер адамдардың орта дәрежеде мас екендіктері анықталды.
Сол күні ауылдардың бірінде “Учаске” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер ішімдіктің иісі шығып тұрған 46 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен “ЮМЗ-6” тракторын тексеру үшін тоқтатқан. Медициналық тексеріс мас болудың орташа деңгейін көрсеткен. Олар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы.