«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 07.10.2024

Ел тарихындағы маңызды шешім

Өткен жексенбі күні қызу пікірталастар мен талқылаулар бір сәтке тынып, ел халқы атом электр стансасын салуға қатысты өз таңдауын жасады. Дауыс берушілер өздерінің таңдауы ескеріліп, ортақ шешімге әсер ететінінен үмітті. Өздері тіркелген учаскелерге отбасы мүшелерін, балаларын, құрбы-құрдас, көрші-көлемін ертіп келіп жатқандар көп. Олардың арасында таяғына сүйенген қариялар да, мұндай таңдауды алғаш рет жасайын деп тұрған …

Ел тарихындағы маңызды шешім Read More »

Астық жинау аяқталуға жақын

Өңірде орақ науқанының аяқталуына аз ғана уақыт қалды. Бүгінге дейін алқаптардың 93 пайызы орылған. Диқандар 3 млн. гектардан астам жердегі дәнді және бұршақты дақылдарды жинап үлгерді. 5,5 млн. тонна дақыл бастырылып, өнімділік гектарынан 18 центнерден айналуда. Өңірде дала жұмыстарын аяқтап үлгерген шаруашылықтар да бар. Мәселен, Тимирязев ауданындағы “Baiterek SK” серіктестігі әр гектардан 30,1 центнер, Аққайындағы …

Астық жинау аяқталуға жақын Read More »

ӨНЕГЕЛІ ҚАРИЯЛАР

Қарттарды қолдау айлығы аясында И.Шухов атындағы қалалық кітапханада “Көңілдің жарық нұры” атты кездесу кеші өтті. Іс-шараға “Қазақ аналары – дәстүрге жол” қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының мүшелері қатысты. Кеш барысында ұйым төр­айы­мы Алма Махамбетова сөз сөй­леп, қазыналы қариялар­дың өнегесін жастарға үлгі етті. Ша­ра­ға қатысқан жастар мен аға ұрпақ өкілдері арасында ин­тел­лек­туалдық, танымдық са­йыс өтті. Сайыс барысында …

ӨНЕГЕЛІ ҚАРИЯЛАР Read More »

Дәрігер тапшы

Биыл өңірімізге 11 дәрігер жұмысқа келгенімен, маман тапшылығы әлі де өзекті. Қазіргі таңда өңірге 144 дәрігер қажет. Әсіресе бейінді мамандарға, оның ішінде хирургтар, реаниматологтар, ЛОР, балалар гинекологіне, жалпы тәжірибедегі дәрігерлер мен кардиологтарға сұраныс жоғары. – Қазіргі таңда облыс орталы­ғын­да 71 жұмыс орны бос, ал ау­дан­­дарға 73 маман қажет. Жас ма­мандарды тарту мақсатында 2024 жылы облыстық …

Дәрігер тапшы Read More »

Кедейлік шегі белгіленді

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мемле­кеттік атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін есептеу үшін 2024 жылдың 4-ші тоқсанында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кедейлік шегі 37 710 (отыз жеті мың жеті жүз он) теңгені құрай­тынын хабарлайды.

АЗУЛЫ ҚАРСЫЛАС

Жерлестеріміз шайбалы хоккейден ел біріншілігінің кезекті турының ойынын Өскеменде “Торпедо” командасына қарсы өткізді. Бұл матчта мұз айдынының иелері айқын басымдықпен жеңіске жетті. Ойын басталысымен жерлес­теріміз шабуылдауға кірісіп, кез­де­судің алғашқы шайбасын қар­сы­­лас қақпасына дөп кіргізді. Оның авторы – Денис Недилько. Араға он минут салып, “Торпедо” хок­кей­­шілері таразы басын теңес­ті­рді, нәтижелі соққы Владимир Гре­бен­щиковтың атына жазыл­ды. Екінші …

АЗУЛЫ ҚАРСЫЛАС Read More »

Темір жолда жайылған мал

Алматы-Петропавл жолаушы­лар пойызының машинисі Жаңа­жол-Смирново арасындағы учас­кеде шұғыл тоқтауға мәжбүр болған. Алайда зулап келе жатқан пойыз тоқтап үлгергенше 22 бас ірі қараны соғып кеткен. Облыстық полиция департа­мен­­ті баспасөз қызметінің мәлі­ме­тіне сәйкес, Петропавл стан­сасын­­дағы желілік полиция бө­лімі мал­дың иесін анықтап, оны әкім­ші­лік жауапкершілікке тарт­қан. Ақ­қа­йың ауданының 45 жас­тағы тұр­ғы­нына темір жол бойында мал ба­ғу ережелерін бұз­ғаны …

Темір жолда жайылған мал Read More »

“ОТАНШЫЛ, ЕЛШІЛ БОЛУ – ӘРҚАЙСЫМЫЗДЫҢ МІНДЕТІМІЗ”

Ләззат Жалмұқанова – Петропавл қалалық мәслихаты­ның №18 сайлау округі бойынша депутаты, әлеуметтік қор­ғау, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет жә­не жастар істері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі, “Ақ жол” партиясының мүшесі, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің директоры. Не үшін депутат болдым? Менің депутат болуыма се­бепкер болған жағдай – 2000 жы­лы өткен сайлау. Сол жылы мен №8 …

“ОТАНШЫЛ, ЕЛШІЛ БОЛУ – ӘРҚАЙСЫМЫЗДЫҢ МІНДЕТІМІЗ” Read More »

Құмар ойынның құрығына түспе

“Сынықтан басқаның бәрі жұғады” демекші, соңғы жылдары мемлекеттік қызметшілер арасында да құмар ойындарға тәуелділік жағдайларының артуы байқалады. Жұртшылық тарапынан үлкен алаңдаушылық тудырып отырған бұл кеселдің алдын алу шаралары қолға алынбаса, мемлекеттік органдардың жұмысына кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. Біз заң мен тәртіп, білім мен па­расат үстемдік ететін қоғам құра­мыз десек, өркениетті елдер қата­рына қосылуға кесірі …

Құмар ойынның құрығына түспе Read More »