«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЗУЛЫ ҚАРСЫЛАС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жерлестеріміз шайбалы хоккейден ел біріншілігінің кезекті турының ойынын Өскеменде “Торпедо” командасына қарсы өткізді. Бұл матчта мұз айдынының иелері айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Ойын басталысымен жерлес­теріміз шабуылдауға кірісіп, кез­де­судің алғашқы шайбасын қар­сы­­лас қақпасына дөп кіргізді. Оның авторы – Денис Недилько. Араға он минут салып, “Торпедо” хок­кей­­шілері таразы басын теңес­ті­рді, нәтижелі соққы Владимир Гре­бен­щиковтың атына жазыл­ды.

Екінші кезеңде “Құлагер” клу­бының қақпа­сына тағы бір шайба кірді. Кездесудің үшінші бөлі­мін­де де өскемендік ойыншылар мер­гендік танытып, екі бірдей нә­ти­желі соққы жасады. Қорытынды есеп 4:1, жеңіс “Торпедо” коман­да­сына бұйырды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp