Жерлестеріміз шайбалы хоккейден ел біріншілігінің кезекті турының ойынын Өскеменде “Торпедо” командасына қарсы өткізді. Бұл матчта мұз айдынының иелері айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Ойын басталысымен жерлестеріміз шабуылдауға кірісіп, кездесудің алғашқы шайбасын қарсылас қақпасына дөп кіргізді. Оның авторы – Денис Недилько. Араға он минут салып, “Торпедо” хоккейшілері таразы басын теңестірді, нәтижелі соққы Владимир Гребенщиковтың атына жазылды.
Екінші кезеңде “Құлагер” клубының қақпасына тағы бір шайба кірді. Кездесудің үшінші бөлімінде де өскемендік ойыншылар мергендік танытып, екі бірдей нәтижелі соққы жасады. Қорытынды есеп 4:1, жеңіс “Торпедо” командасына бұйырды.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.