«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дәрігер тапшы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл өңірімізге 11 дәрігер жұмысқа келгенімен, маман тапшылығы әлі де өзекті. Қазіргі таңда өңірге 144 дәрігер қажет. Әсіресе бейінді мамандарға, оның ішінде хирургтар, реаниматологтар, ЛОР, балалар гинекологіне, жалпы тәжірибедегі дәрігерлер мен кардиологтарға сұраныс жоғары.

– Қазіргі таңда облыс орталы­ғын­да 71 жұмыс орны бос, ал ау­дан­­дарға 73 маман қажет. Жас ма­мандарды тарту мақсатында 2024 жылы облыстық бюджеттен рези­денттерді оқытуға 50 грант бө­лін­ді. Бүгінгі таңда 34 резидентпен ке­лісім жасалып, олар оқуларын жал­ғастыруда, – деді облыстық ден­сау­лық сақтау басқармасының бас­па­сөз хатшысы Гүлнәр Сай­лауқызы.

Жас мамандарды жұмысқа қа­былдауда өңірде бірқатар шара­лар қабылданған. Мәселен, дәрі­герлерге 1 млн.-нан 5 млн. теңгеге дейін көтермақы төленеді. Ең көп сомманы ауылға жұмыс істеуге барған ақ халаттылар алады.

Сонымен қатар кейбір меди­ци­налық мекемелер өздері жұ­мыс­қа қабылдаған жас мамандар­ға ақ­шалай сертификаттар беріп, тұр­ғын үй мәселесін шешуге кө­мек­теседі. Ауылдық жерлерге жұ­мыс­қа барғысы келетін мамандар “Дипломмен ауылға” мемлекеттік бағдарламасына да қатыса ала­ды.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp