«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ОТАНШЫЛ, ЕЛШІЛ БОЛУ – ӘРҚАЙСЫМЫЗДЫҢ МІНДЕТІМІЗ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ләззат Жалмұқанова – Петропавл қалалық мәслихаты­ның №18 сайлау округі бойынша депутаты, әлеуметтік қор­ғау, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет жә­не жастар істері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі, “Ақ жол” партиясының мүшесі, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің директоры.

Не үшін депутат болдым?

Менің депутат болуыма се­бепкер болған жағдай – 2000 жы­лы өткен сайлау. Сол жылы мен №8 орта жалпы білім бе­ретін эстетикалық тәрбие мек­теп-кешенінде сайлау учаскесі­нің төрайымы болдым. Жұмыс барысында қалалық, облыстық мәслихат депутаттығына кан­ди­даттардың өмірбаянымен, олардың бағдарламаларымен та­ныстым. Мені Петропавл қа­ла­сы­ның тұрғыны ретінде қала­лық мәслихат депутат­тығына үміткерлердің бағ­дар­ламасы, олардың миссиясы қы­зықтыр­ды. Одан кейін ок­ругтік сайлау учаскесінде жұ­мыс істе­дім.

Жалпы еңбек жолым ұстаз­дық қызметтен басталды. Об­лыс орталығындағы №10 орта мектептің директоры қызметін атқара жүріп көпшілікпен жұ­мыс істей алатыныма сенімді бол­дым. Депутаттық қызмет қолымнан келетінін түсініп, 2007 жылы өткен сайлауға қа­тысып, Петропавл қалалық мәс­лихатының депутаты болып сай­ландым. Осылайша ең алғаш рет депутат атандым.

Депутат – халықтың мұң-мұқ­тажын қорғап, олардың қалауын білетін, мемлекеттік мүддені ескере отырып, қабыл­данған шешімдерді жүзеге асыру шараларын белгілеп, оның орындалуын бақылайтын азамат болуы қажет. Олар қай жерде қандай мәселе болса, сол бойынша шешілу жол­дарын ұсынады. Мен халықты толғандырған мәселелерді ше­шіп, еліміздің өркендеуіне ат­салысқым келді.

Осыдан кейін бесінші ша­қырылымдағы Петропавл қала­лық мәслихатының депутаты болып сайландым. Онда білім, мәдениет және спорт жөніндегі мәселелерді шешуге үлес қос­тым. Осы жылы мәслихаттың 20 жылдығы тойланды. Мерей­лі жылда жұмысымның нәти­жесі оң бағаланып, мерейтой­лық төсбелгімен марапаттал­дым. Сессияларда өзіме жақын білім саласының күрделі мәсе­лелері бойынша бірнеше сауал жолдадым. Хатшы ретінде спорт, мәдениет салаларына да көп мән бердім. Қала мек­тептері үшін бюджетті бөлу, күр­делі жөндеу жұмыстары, мек­тептердің алаңдарын, хоккей корттары мен спорт алаңдарын салуға өз ықпалымды тигіздім. Әсіресе спорт алаңдарының тек орталық көшелерде ғана емес, сонымен қатар “Береке”, “Жас өркен”, Жұмысшы кенті сияқты шағынаудандарда са­лы­нуына мән бердім. Бұл – бала­лардың спортпен айналы­суы­на, уақыттарын тиімді пай­да­лануына оң әсер етеді.

2012 жылдан бастап Петро­павл қалалық мәслихатының хатшысы қызметін атқардым. Ал 2023 жылы 19 наурызда “Ақ жол” демократиялық партиясы атынан қалалық маслихаттың депутаты болып қайта сайлан­дым. Бір жарым жыл ішінде “Үз­дік депутат” төсбелгісімен ма­ра­­пат­­талдым. “Ақ жол” демо­кра­­тиялық пар­тия­сының аты­нан мен және ме­нің 11 әріптесім көктемде бол­ған су тасқыны кезінде “Апатпен күрескені үшін” деген төсбелгіге ие бол­дық. Қоғамдық мәселе­лерді ше­шу, халыққа жақын болу, қиын уақытта жандары­нан табылу, қол ұшын беру, қо­ғамға қызмет ету – менің басты ұстанымым.

Сайлаушыларға қандай уәде бердім?

Қазіргі таңда сайлауалды бағ­дарламамда айтылған мә­се­лелерді бағдар етіп, жұмыс істеп жатырмын. Сайлауалды бағдарламамда Қазақстанның ұлттық жаңғыру идеясын жү­зеге асыру, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қо­ры­ның жұмысын нақты салым­шыларға бағдарлау, жастарды қолдау үшін әлеуметтік тұрғын үй беру, білім мекемелері мен әлеуметтік инфрақұрылым са­лу, әлеуметтік тұрғын үйді бө­лудің ашық мониторингін енгізу, педагогтардың еңбекақысын Еуропалық одақ елдерінің дең­гейіне дейін өсіру, оларды қа­жетсіз есептілік пен бюрокра­тиядан босату, дарынды жас­тар­дың елден кетуіне, ақыл­дылардың шекара асуына қар­сы жеке және жүйелі бағдар­лама жасау, әрбір қазақстан­дыққа шағын, орта бизнес ар­қылы ұлттық табыста өз үлесін табуға мүмкіндік беру сияқты шаралар қамтылған. Енді ха­лыққа берген уәдені сапалы орындап, сенімді ақтау қажет.

Қай уәдемді

орындадым?

Сайлау өткен жылдың 19 наурызында өтті. Бір жарым жыл ішінде барлық мәселелер­ді шешу мүмкін емес. Сұрақтар жиі түсіп тұрады. Бүгінде тұр­ғындар артық сөзге бармай, ой-пікірін сабырлықпен жеткізе­ді. Яғни жеке бастың емес, қо­ғамның мәселесіне көбі­рек назар аударады. Бұл – ха­лықтың ішкі мәдениетінің, со­ны­мен қатар қоғамдық көзқара­стың да­мып, жетілгендігінің белгісі. Олардың көкейінде жүр­ген тілектерін әу дегеннен-ақ тү­сініп, оны орын­дау­дың қамы­на кірісемін. Мұн­дай сәтте сай­лаушылармен жұмыс істеу жеңілдейді. Мә­селен, “Жас өр­кен” шағынауданында қоғам­дық монша, мә­дени-де­малыс орындарын, дәм­хана са­лу сын­ды тұрғындардың кө­кейінде жүрген сұрақтар менің негізгі жұмыс бағдарыма айнал­ды. Қоғамдық монша мен мәде­ни-ойын-сауық орын­да­рын са­лу жөнінде қалалық әкім­дікті ақ­параттандырдым. Ал аға буын­ның кешкі бос уақытын тиімді өткізу бойынша мәселе шешіл­ді. Олар А.Винокуров атындағы Спорт сарайына ап­та­сына екі рет барып тұрады. Со­нымен қатар қариялардың ешбір ұйым­ның қарауына алын­­баға­ны көптен ойда жүр­ген мәселе болатын. Осы сұ­рақтар бойын­ша ардагерлер ке­ңесімен жұмыс істеп жатырмыз.

Білім саласына келетін бол­сақ, автобустардың жүру ба­ғыты бойынша мәселе қозғал­ды. Өйткені қысқы уақытта екін­ші ауысымда оқитын балаларға үйге қайту өте қиын. Кейбір ав­тобустар ерте тоқтайды, ал са­бақ кейде кешкі 8-де аяқтала­ды. Балалар қоғамдық көліксіз қалып қоймауы керек. Бұл сұ­рақтар бойынша да мәселе ше­шілді.

Соңғы статистикаға жүгіне­тін болсақ, оқушылар арасында суицид саны көбейіп келеді. Мәселен, облыс орталығында 2022-2023 жылдар және биыл­ғы тоғыз айда жасалған кәме­леттік жасқа толмағандар ара­сындағы суицид фактілері жө­ніндегі мониторинг қорытынды­сына сүйенсек, осы уақыт ара­лығында өз-өзіне қол жұмсауға ұмтылудың 19 дерегі тіркелді. Осыған байланысты Парла­мент және Сенат депутатта­ры­ның алдына мектептерде пси­хологтар мен әлеуметтік педа­гогтардың жұмысын нығайтып, штаттық бірліктерін көбейту керек деген сұрақ қойылды. Со­нымен қатар Оқу-ағарту және Денсаулық сақтау министр­ліктері бірлескен бұйрық негі­зін­де суицид жасауға бейім кә­мелетке толмағандарды анық­тап, алдағы уақытта олармен жұмыс істеу, сондай-ақ өз-өзіне қол жұмсауға ұмтылған балаға көмек көрсету бойынша мемле­кеттік органдар әрекетінің бі­рыңғай тәртібін бекітті.

Халық маған сене ме?

Халық маған сену үшін бар күш-жігерімді, білімімді, білік­тілігімді, депутаттық міндетте­рімді адал, сапалы орындауға тырысамын. Депутаттың рөлі – қиын-қыстау кезде халықтың жанынан табылу, олармен бірге болу. Мысалы, биыл көктемде болған су тасқынынан зардап шеккен халықты құтқару жұ­мыстарына белсенді қатысуға тырыстым. Асау суды тоқтату іс-шараларына еріктілерді тар­тып, дамбалар салдық, күні-түні жұмыс істеген жас сарбаздарға ыстық тамақ тараттық, зардап шеккен қала тұрғындарына шетелдерден және еліміздің басқа өңірлерінен келген гума­нитарлық көмек – киім-кешек, ауызсуларды үлестірдік.

Қалалық әкімдік жанынан суға кеткен тұрғындарға үй беру мәселесі бойынша комиссия құрылды. Депутат ретінде сол комиссия мүшелігіне шақырыл­дым. Ол жұмысқа белсенді қа­тыстым, үй беру мәселесін ха­лықтың пайдасына шешуге тырыстым.

Шын мәнінде біздің мақса­тымыз айқын – елімізде жүзеге асырылып жатқан реформа­ларға үн қосып, Әділетті Қазақ­стан орнатуға күш жұмылды­руы­мыз керек. Бастысы, халық артқан сенімді ақтау, отаншыл, елшіл болу міндетімізден тан­бай­мыз. Бұл – депутаттың басты мақсаты. Осы қасиеттер депутаттарға ғана емес, қоғам­ға тән болуы тиіс. Әрқайсымыз осыны басшылыққа алып, өз саламыз бойынша адал еңбек етсек, өркениетті Қазақстан құрамыз.

Дайындаған

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp