Алматы-Петропавл жолаушылар пойызының машинисі Жаңажол-Смирново арасындағы учаскеде шұғыл тоқтауға мәжбүр болған. Алайда зулап келе жатқан пойыз тоқтап үлгергенше 22 бас ірі қараны соғып кеткен.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Петропавл стансасындағы желілік полиция бөлімі малдың иесін анықтап, оны әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Аққайың ауданының 45 жастағы тұрғынына темір жол бойында мал бағу ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынды.
Әсет ҚАНАФИН.