«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Құмар ойынның құрығына түспе

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Сынықтан басқаның бәрі жұғады” демекші, соңғы жылдары мемлекеттік қызметшілер арасында да құмар ойындарға тәуелділік жағдайларының артуы байқалады. Жұртшылық тарапынан үлкен алаңдаушылық тудырып отырған бұл кеселдің алдын алу шаралары қолға алынбаса, мемлекеттік органдардың жұмысына кері әсерін тигізуі әбден мүмкін.

Біз заң мен тәртіп, білім мен па­расат үстемдік ететін қоғам құра­мыз десек, өркениетті елдер қата­рына қосылуға кесірі мол осындай жаман әдеттерге тосқауыл қоюға тиіспіз. Ол үшін Президенттің “Әді­летті Қазақ­стан: заң мен тәртіп, эко­номика­лық өсім, қоғамдық опти­мизм” Жол­дауында айтылғандай жұрт болып жұмылып күресу – басты шарт­тар­дың бірі.

Медициналық анықтама бо­йынша лудомания адам өміріне үс­темдік ететін, оның соңы әлеу­мет­тік, кәсіби, материалдық және от­басылық құндылықтардың құлды­рауына әкеп соқтыратын құмар ойындарға тәуелділік дегенді біл­діреді. Дүниежүзілік денсаулық сақ­тау ұйымы оған “құмар ойындарға патологиялық тарту” атауын беруі­нің өзі біраз жайтты аңғартады. Қа­зіргі қоғамда жиі қозғалатын тақы­рып арқауына айналса да, оған дәнігудің ақыры ауыр зардаптарға ұшырататынын біле тұра, мем­ле­кеттік қызметкерлер арасында ір­ге­сін аулақ салудың орнына жа­нына жақын көретіндері жоқ емес. Ең қорқыныш­тысы, психология­лық, отбасылық және қаржылық салдарын ең­серуге ешқандай мүмкіндіктің қал­майтыны. Бос уа­қыттарын каз­ино­ға немесе құмар ойындарға арнайтын жан­дардың шарасыз­дықтан екі қолы жіпсіз байланып қалады.

2024 жылғы 8 шілдеде қабыл­данған “Қазақстан Респуб­ликасы­ның кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотореялық қызмет, денсаулық сақтау, мемлекеттік ең­бек инспекциясы, мемлекеттік ба­қылау және артық заңнамалық рег­ламенттеуді болдырмау мәселе­ле­рі бойынша толықтырулар енгі­зу туралы” Заңға енгізілген өзге­ріс­тер бойынша мемлекеттік және әс­кери қызметшілер, арнайы және құ­қық қорғау органдарының қызмет­керлері, бюджеттік ұйымдардың бас­шылары құмар ойындарға жә­не бәс тігуге қатыса алмайды. Бұ­дан бөлек, орталық мемлекеттік ор­гандардың бірлескен бұйрығымен лудоманияға қарсы күреске бағыт­талған “Құмар ойындардың алдын алу және оған қарсы күрес жөнін­дегі іс-шаралар жоспары” әзірле­ніп, бекітілді. Жүйелі түрде жүзеге асырылатын іс-әрекеттер арқылы лудоманияның әсерін азайтуға жә­не мемлекеттік қызметшілерге осы проблеманы жеңуіне әбден бола­ды. Әдеп жөніндегі уәкіл, мемле­кеттік органдардың басшылары лу­доманияның алдын алуға байла­нысты профилактикалық жұмысты күшейтулері, кездесулер өткізуі, осы проблемаға тап болған мем­ле­кеттік қызметшілерге ақыл-ке­­ңес­тер беруі қажет. Әдеп норма­лары сақталса, кез келген заңсыз әрекеттерге қарсы тұруға болады.

Дархан ЕРМЕКОВ,

облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp