«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бір сағатта дауыс беріп бітті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Референдум күні өңірде бірнеше жабық учаске жұмыс істеді. Соның бірі – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясындағы №655 учаске.

Жабық референдум учаскесі таңғы сағат 6:00-де ашылып, өз жұмысын бастап кетті. Бұл жерде 596 адам өз таңдауын жасауы тиіс. Олар – әскери академияда жұмыс істейтін оқытушылар, әскерилер және олардың туған-туыстары, сондай-ақ курсанттар.

“Біз №655 референдум учаскесіне таңғы 5:00-де келіп, дайындығын тексеріп, бюллетеньдер тараттық. Бір сағат ішінде 200-ге жуық адам дауыс беріп үлгерді”, – дейді №655 референдум учаскесінің төрағасы Ерден Балғымбаев.

Бұл учаскеде өз таңдауларын жасаған курсанттардың 78-і мұндай науқанға алғаш рет қатысты. Солардың бірі – Өскемен қаласының тұрғыны Данияр Оралғазы. Бозбала биыл академияға оқуға түскен. Жақында 18-ге толды.

“Елімізде атом электр стансасының құрылысы мәселесі көптен талқыға түсіп жатыр. Осы референдум қорытындысы арқылы дұрыс шешім қабылданады деп сенемін”, – дейді курсант.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp