«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алғашқы қадам

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өз Отанының ілгері дамып, өркендегенін қалайтын әрбір адам референдум, сайлау сынды саяси науқандардан қалыс қалмайды деп ойлаймын. Елімізде атом электр стансасын салу мәселесі соңғы жылдары жиі көтерілуде. Президентіміз бұл мәселенің нүктесін халық қана қоятынын айтып, 6 қазанды жалпыхалықтық референдум күні ретінде белгіледі.

№3 қалалық емханада орналасқан №665 референдум учаскесінде дауыс беру үшін тіркелген 2087 адамның бірі мен болдым. Таңалакеуімнен барып, өз таңдауымды жасадым. Бір қуанарлығы, дауыс беруге келгендердің қатарында өзім сияқты жастар көп. Егде тартқан аға буынды да аз кездестірмедім.

Мен Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің бірінші курсында оқимын. Болашақ заңгермін. Ұстаздарымыз жастардың, әсіресе, заңтану саласында білім алып жатқан өрендердің ел тарихындағы шешуші оқиғаларға қатысып, өз таңдауларын жасаулары қажеттігін үнемі айтып отырады.

Көкшетауда жүрсем де, кіндік қаным тамған шаһарға арнайы келіп, саяси науқанға қатысуды жөн көрдім. Мемлекеттің ертеңіне қатысты шешімдерге қатысу құқығына ие болғаныма қуаныштымын.

Қалалық Мәдениет үйінің өнерпаздары емдеу мекемесінің алдында концерттік бағдарлама ұйымдастырып, қазақтың рухты әндерін шырқап, референдумға қатысқандардың көңілін көтеріп, әуелеген әуезді әндерімен тамсандырды.

Мейрамбек ЖАНСЕЙІТ, студент.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp