«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘРКІМНІҢ ДАУЫСЫ ҚЫМБАТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің ғимаратында орналасқан №623 референдум учаскесі де таңғы жетіден жұмысын бастады. Өз таңдауын жасау үшін білім ошағына ағылғандар аз болмады. Олардың дені түскі 14:00-ге дейін дауыс беріп үлгерді.

Бұл учаскеге тіркелгендердің қатарында үйден дауыс беремін деп шешім қабылдаған, сондай-ақ өз еріктерімен жүріп-тұра алмайтын аға буын өкілдері бар. Комиссия мүшелері Теңдік Сәрсекеева, Николай Тарасов, Владимир Иващенко, Валерий Маркелов, Надежда Журавлевалардың үйлеріне арнайы барды. Қарттар өз таңдауларын үйде отырып жасағандарына дән риза.

– Жасым тоқсаннан асты. Елдің ертеңіне елеңдеп отырамын. Саяси оқиғалардан шет қалған кезім жоқ. Бүгін де өзім тіркелген учаске мамандарын асыға күттім. Әр адам өз елінің патриоты болуы керек. Елін, жерін сүйген адам тарихи сәтте шет қалмай, өз таңдауын жасайды. Атом электр стансасының пайдалы немесе алаңдатарлық тұстары туралы түрлі әңгімелер айтылып жатыр. Мені маңызды таңдауды халықтың өзі жасайтыны қуантады, – деді Валерий Маркелов.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp