«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 09.10.2024

ДЕРТТІ АСҚЫНДЫРМАҒАН АБЗАЛ

Денсаулық – басты құндылықтардың бірі. Адам жасы ұлғайған сайын аурудың алдын алуға ерекше назар аударуы керек. Дұрыс тамақтану, өкпе-реніштен арылу, үнемі жақсы ниетпен жүру, спортпен шұғылдану сияқты өзге де әрекеттер ұзақ өмір сүруге септеседі. Дерттің алдын алудың тиімді құралдарының бірі – халықтың әртүрлі топтарын, созылмалы аурумен ауыратындарды қамтитын диспансерлік бақылау жүйесі. Мемлекет тарапынан көрсетілетін тегін …

ДЕРТТІ АСҚЫНДЫРМАҒАН АБЗАЛ Read More »

ТЫҒЫРЫҚТАН ШЫҒАР ЖОЛ ТАППАЙ…

Психопатологиялық теория бойынша суицид психикалық ауру болып табылады, ал суицидтік әрекеттер психикалық бұзылыстардың өршуінің көрінісі ретінде қарастырылады. Дегенмен қоғамды “адамды бұл іс-әрекетке не итермелейді?”  – деген сұрақ толғандыратыны рас. Бірақ бұл сұраққа нақты жауап жоқ. Ғалымдар әлі күнге дейін түрлі болжамдарды алға тартады. Осы ретте әртүрлі стратегиялық құжаттарда және мамандандырылған сараптамалық есептердегі ақпаратқа сүйеніп, суицидтің …

ТЫҒЫРЫҚТАН ШЫҒАР ЖОЛ ТАППАЙ… Read More »

Жауапсыз қалған сансыз сауал

Жүректеріне мұз болып қат­қан мұңдарын тиісті басшылар­ға жеткізу үшін облыс маңайын­да орналасқан саяжай тұрғын­дарының бас қосуы осымен бі­рінші рет емес. Бұл жолы Қы­зылжар ауданына қарасты Теп­личное елді мекенінде өткен жиынға ашу-ызаға толы өкпе­ле­рі мен іштегі шерлерін ақта­руға келгендердің саны “жер қайысқан қол” іспеттес. Бірінші болып сөз алған Петропавл қалалық бау-бақша қоғамдық бір­лестігінің төрағасы Василий Ро­тарь …

Жауапсыз қалған сансыз сауал Read More »

БІР-БІРІНЕ КІНӘ АРТЫП ӘЛЕК

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданара­лық соттың судьясы Айдарбек Бекқужинов облыс орталығын­да адамдарды жерлеу рәсімі­мен айналысатын Приходченко отбасының мүшелерін айуан­дық­пен азаптап өлтірген қыл­мыстық топқа қатысты кезекті сот отырысын күдіктілердің уәж­дерін тыңдаудан бастады. Ал­ды­мен Сергей Емельянов мен Ирина Скоробогатовадан, cо­сын Данил Орловтан жауап алынды. Данил адам өлтіргені үшін те­мір тордың арғы жағында оты­рып шыққан әккі Сергейдің өзін …

БІР-БІРІНЕ КІНӘ АРТЫП ӘЛЕК Read More »

Марал баба мұрасы

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі мен “Qyzylorda” те­леарнасы бірлесе қолға алған “Құн­ды жәдігер” жобасы музей қорын та­рихи мұралармен толықтыра түскен бастама болып отыр. Жуырда осы жоба аясында қазақ даласындағы орны бөлек діни қайраткер Марал ишан Құрманұлының асасының кө­шірмесі мен тақымы тиген ер музей қорына тапсырылды. Түркістан қаласында өткен Ұлт­тық құрылтайда Мемлекет басшы­сы Қасым-Жомарт Тоқаев ХVІІІ-ХІХ ғасырларда …

Марал баба мұрасы Read More »

Бие сауып, қымыз сапырған

Елді мекендердің келешегі ондағы тұрғындардың экономикалық белсенділігіне байланысты. Бүгінде ауылда қарап жатпаймын деген адамға мемлекеттік қолдаудың түр-түрі бар. Тиісті талаптар орындалса жеңілдетілген несие алуға да, шағын грант иегері атануға да болады. Мәселен, биыл өңірде субсиядиялау құралдары, несиелерге кепілдік беру және шағын гранттар тағайындау үшін 11,9 млрд. теңге қарастырылған. Әлеуметтік кодекс негізінде облыста бизнес бастамаларды қолдау …

Бие сауып, қымыз сапырған Read More »

ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ – ҰСТАНЫМЫ ЖАҚСЫ

Әр адам үшін алғаш қолға қалам алып, әріп таныған кез – өмірдегі ең ұмтылмас жарқын сәт. Сан түрлі ғылымды меңгеруге бағдар көрсеткен мұғалім шәкірт жүрегінде мәңгі сақталады. Ұстаз ілім-білімнің түрлі салаларына қызықтырып, өмірлік кәсібімізді айқындауға жол көрсетеді. Бала зейінін ашу, ғылымға баулу, өнер мен білімге ынтаны ояту – мұғалімнің ғана қолынан келер іс. Ұлы Абай …

ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ – ҰСТАНЫМЫ ЖАҚСЫ Read More »

Астанада емделмек

Петропавлға ұлттық ғылыми-медициналық орталықтың кардиологтары келіп, туа біткен жүрек ақауы бар балаларға консультациялық кеңес берді. Жеті балаға Астанада ота жасалатын болды. Облыстық көпбейінді бала­лар ауруханасы мамандарының айтуынша, өңірде 640 бала туа біткен жүрек ақауымен диспан­серлік есепте тұр. Олар жергі­лікті дәрігерлердің ғана емес, еліміздегі жетекші медициналық орталықтар мамандарының бақылауында. “Біз Петропавлға жыл сайын келіп, есепте тұрған …

Астанада емделмек Read More »

ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫ – ЕҢ МАҢЫЗДЫ ТАЛАП

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті Қа­зақстан: заң мен тәртіп, эконо­микалық өсім, қо­ғам­дық опти­мизм” Жол­дауын­да заң мен тәр­тіптің үс­тем­дігі, бүкіл қоғам мен әр адамның қауіпсізді­гін қамта­ма­сыз ету басым бағыт­тардың бірі ретінде айқындалып, страте­гия­лық мақсатымызға же­тудің қолайлы жағдайын қалып­тас­ты­ру міндеті қойылды. Прези­дент­тің азаматтардың жасам­паз­дық әлеуетін толық ашу және халық­тың әл-ауқатын арт­тыру жөнін­дегі талабының кә­сіподақ­тарға да тікелей қатысы …

ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫ – ЕҢ МАҢЫЗДЫ ТАЛАП Read More »

Бала құқығын бұзуға жол берілмейді

Облыстық прокуратура жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін бұзудың бір мыңнан астам фактісін анықтады. Қадағалау органының мобильді топтары биыл тәуекел тобына жататын 11 мыңнан астам отбасын тексерген. Бүгінгі таңда әлеуметтік көмек, құжаттарды рәсімдеу және баспана кезегіне тұру мәселелері алаңдатқан 140 отбасыға қолдау көрсетілді. Прокуратураның талабы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия отырыстарында 44 …

Бала құқығын бұзуға жол берілмейді Read More »

Департаментте – жаңа бастық

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен Ернар Мейірханов облыстың қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы болып тағайындалды. Ернар Сәрсенбайұлы 1982 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Алматы жоғары әскери училищесін тамамдаған. Әскери қызметті Қапшағай қаласы әскери бөлімінің десанттық-шабуылдау взводының командирі қызметінен бастаған. Әр жылдары Астана қаласы Сарыарқа ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы, Ақмола облысы қорғаныс …

Департаментте – жаңа бастық Read More »

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АЙРЫҚША ҚОЛДАУ

Қызылжар өңіріне жұмыс сапармен Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров келіп, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Алқалы басқосуға ауыл шаруашылығы құрылымдарының, мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының өкілдері қатысып, егін жинау науқанының нәтижелері талқыланды. Сондай-ақ алдағы жылға арналған іс-шаралар жоспары белгіленді. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жаздың жауынды, күздің ылғалды күндері қиындықтар тудырғанына қарамастан өңір диқандары жоғары …

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АЙРЫҚША ҚОЛДАУ Read More »

Көгершін БЕРДАҒҰЛОВА: “ТЕЛЕФОНҒА ТЕЛМІРГЕНДЕРДІ БОЛАШАҚТА КІТАП ОҚЫҒАНДАР БАСҚАРАДЫ”

– Көгершін Қанатқызы, өр­ке­ниетті қоғамның басты тірегі – білім мен ғылым. Оған ешкім­нің таласы бола қоймас. Ал бі­лімнің кілті – кітапта екені әлім­сақтан белгілі. Сіздің әйгілі Ға­беңнің есімін иеленген бала­лар кітапханасына жетекшілік етіп келе жатқаныңызға көп уа­қыт өте қойған жоқ. Жалпы өңір­де кітапқа құмар балалар көп пе? – Кітап – адамзат баласына қа­жет білімнің өзегі. …

Көгершін БЕРДАҒҰЛОВА: “ТЕЛЕФОНҒА ТЕЛМІРГЕНДЕРДІ БОЛАШАҚТА КІТАП ОҚЫҒАНДАР БАСҚАРАДЫ” Read More »

Пошта қызметінің мүмкіндігі мол

Ұзақ жылғы өзгерістер мен жаңашыл шешімдердің арқасында “Қазпошта” халықаралық деңгейде мойын­далған пошта-жинақтық жүйеге айналды. Бүгінде отан­дық пошта қызметінің 3200 бөлімшесінде 21 мыңнан ас­там адам еңбек етуде. Елдегі пошта қызметінің осы күнгі жетістіктері мен даму бағыт­тары туралы сөз етпес бұрын оның өткеніне тоқталып өткен жөн. Қазақ даласындағы ең ал­ғаш­қы пошта қызметі осыдан бір жа­рым ғасырдан астам …

Пошта қызметінің мүмкіндігі мол Read More »

Жауапкершілікпен атқарылған іс баянды

Еліміздің бірнеше өңірінде жылу беру маусымы басталды, жақын күндері оңтүстік облыстарда да жылу беріледі. Қыстың қамын жазда ойлаған жауапты мекемелер маңызды кезеңге дайындық тыңғылықты жүргенін айтады. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымының басталуы мен мемлекеттік орман қорын ұлғайту шараларына байланысты мәселелер қаралды. Энергетика министрлігінің мəліме­тінше, бүгінгі таңда авто­номды қазандықтардың дайын­дығы 100 пайыз …

Жауапкершілікпен атқарылған іс баянды Read More »

Алғыс арқалаған жан

Ерекше қажыр-қайратты талап ететін денсаулық сақтау саласында күндізгі және түнгі ауысымда жұмыс істеу кез келген әйел затының қолынан келе бермейді. Лизат Әшімованың саналы ғұмыры Жамбыл аудандық ауруханасымен тікелей байланысты. Ол терапия бөлімінде медбике қызметін атқарып, қаншама науқастың сырқатынан айығуына себепкер болды. Медициналық көмекке жүгінушілердің алғысына бөленген ақ халатты абзал жанның осы салаға сіңірген еңбегін бір …

Алғыс арқалаған жан Read More »