«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Астанада емделмек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлға ұлттық ғылыми-медициналық орталықтың кардиологтары келіп, туа біткен жүрек ақауы бар балаларға консультациялық кеңес берді. Жеті балаға Астанада ота жасалатын болды.

Облыстық көпбейінді бала­лар ауруханасы мамандарының айтуынша, өңірде 640 бала туа біткен жүрек ақауымен диспан­серлік есепте тұр. Олар жергі­лікті дәрігерлердің ғана емес, еліміздегі жетекші медициналық орталықтар мамандарының бақылауында.

“Біз Петропавлға жыл сайын келіп, есепте тұрған сәбилерді тек­сереміз. Балаларды қабыл­дау кезінде кімге ота жасап, жо­ғары технологиялық емдеудің қа­жеттігін анықтап, іріктейміз”, – дейді Астана қаласындағы ұлт­тық ғылыми-медициналық орта­лықтың кардиохирургі Ринат Майоров.

Астанадағы ұлттық ғылыми-медициналық орталықтың ка­диохирургі мен ультрадыбыстық зерттеу маманы 2-3 күн ішінде 159 баланы, соның ішінде ауыл­дардан 82 кішкентай сырқатты қабылдап үлгерді.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp