«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АЙРЫҚША ҚОЛДАУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар өңіріне жұмыс сапармен Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров келіп, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Алқалы басқосуға ауыл шаруашылығы құрылымдарының, мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының өкілдері қатысып, егін жинау науқанының нәтижелері талқыланды. Сондай-ақ алдағы жылға арналған іс-шаралар жоспары белгіленді.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жаздың жауынды, күздің ылғалды күндері қиындықтар тудырғанына қарамастан өңір диқандары жоғары ұйымшылдық үлгісін көрсеткенін, астық жинау науқаны толық аяқталып қалғанын жеткізді.

Республикалық ведомство басшысы ел бойынша дәнді дақылдардың 93,2 пайызы немесе 15,5 млн. гектар алқаптың өнімі жиналып, 23,5 млн. тонна астық бастырылғанын, әр гектардың орташа шығымдылығы 15,2 центнерді құрайтынын атап өтті. Биыл жеңілдетілген несиелеу мөлшері 580 млрд. теңгеге жетіп, ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне 120 млрд. теңге бөлінген. Келесі жылы осындай мемлекеттік қолдау қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыруға бағытталмақ. Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыру үшін көктемгі егіс және күзгі орақ жұмыстарын қаржыландыру көлемі 900 млрд. теңгеге дейін артпақ, оның ішінде ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне 200 млрд. теңге қарастырылған. Солтүстік Қазақстан облысы диқандарының тәжірибесін негізге ала отырып, бағдарлама шеңберінде жеңілдетілген несиелеу көлемі және қаржыландырылатын бағыттар саны ұлғайтылмақ.

“Аграршылар мемлекет тарапынан бұрын-соңды болмаған қолдауға ие болғанын ескерсек, қол жеткен көрсеткіштерге тоқмейілсімеуіміз керек.

Қазіргі басты талап – егін жи­нау жұмыстарын толық аяқтау, астықтың сапалы сақталуын қамтамасыз ету. Оған ішкі ре­сурстар жеткілікті. Келесі жылы да қарқынды бәсеңдетпеуге тиіс­піз”, – деді Айдарбек Сей­пілұлы.

Кеңеске қатысушыларға ауыл шаруашылығы тауарын өн­дірушілерді қолдау бойынша қа­былданып жатқан және жоспар­ланып отырған шаралар, би­дай­ды сатып алу бағасы, көк­темгі егіс және күзгі орақ жұ­мыстарын кредиттеу, саланы қолдаудың басқа да жаңа тә­сілдері туралы Ауыл шаруашы­лығы министрлігі қаржы құрал­дары және микро­кредит беру департаментінің ди­ректоры Жа­нар Маханова, “Азық-түлік ке­лі­сімшарт корпо­рациясы” ҰК” АҚ басқарма төра­ғасы Асылхан Джувашев, “ҚазАгро Қаржы” АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерке­бұлан Жұм­жаев, тағы басқалары жан-жақты ақпарат берді. Биыл фор­вардтық сатып алу бойынша 41 млрд. теңгеден астам сомаға 325 ауыл шаруашылығы тауа­рын өндіруші қаржыланды­рыл­ды. Оның ішінде солтүстік­қазақ­стандықтарға 270 мың тон­наға 18,8 млрд. теңге берілді. “Кең дала-2” мемлекеттік бағдар­ла­масы шеңберінде көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге жылдық 5 пайыздық мөлшерле­мемен же­ңілдікті несие рәсім­деледі. Және де бір артықшы­лығы, фермер ке­пілдік сомасы­ның 15 пайызын ғана төлейді, қалғанына “Даму” қоры кепілдік береді. Бүгінгі таң­да 176 млрд. теңгеге лизинг шарт­тары жа­салған. Бұл – жыл­дық жоспар­дың 80 пайызы. 138 млрд. теңге отандық техникалар­ға тиесілі.

Өңірде ауыл шаруашылығы егістік алқабының 93,3 пайыз­дан астамы жиналды, 5,6 млн тонна астық қамбаға құйылды. Гектар өнімділігі 17,8 пайызға жуық. 3 млн. тоннаға жуық жем дайын­далды.

Сапар барысында Ауыл ша­руашылығы министрі “Бетеге-У” элеваторының жұмысымен та­нысты. Мұнда бидай қабылдау­да кідіріс жоқ. Мағжан Жұма­баев атындағы ауданға қарасты “Мит­ронин” және “Чистовский” ЖШС-ларында болды. Екі шаруашы­лық та дәнді және дәнді-бұршақты да­қылдар өсірумен айна­лы­сады, биыл бидай мен май­лы да­қыл­дар жақсы өнім берді. Дәнді дақылдардың орташа өнім­ділігі – 40, майлы дақылдар бойынша – 20 центнер. Жергі­лікті ауыл ша­руашылығы тауа­рын өндіруші­лер­мен кездесуде 2025 жылғы көктемгі егіс және күзгі орақ жұ­мыстарын қаржы­ландыруға қа­тысты мәселелер талқыға са­лын­ды. Мемлекеттік қолдау мен озық агротехноло­гиялардың ма­ңыздылығына на­зар аударылды.

Кеңес барысында тиісті мем­лекеттік органдарға ауыл ша­руа­шылығы өндірушілерімен өза­ра іс-қимылды күшейту, туын­дай­тын проблемаларды жедел шешу жөнінде тапсырма­лар бе­рілді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp