Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен Ернар Мейірханов облыстың қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы болып тағайындалды.
Ернар Сәрсенбайұлы 1982 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Алматы жоғары әскери училищесін тамамдаған. Әскери қызметті Қапшағай қаласы әскери бөлімінің десанттық-шабуылдау взводының командирі қызметінен бастаған.
Әр жылдары Астана қаласы Сарыарқа ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы, Ақмола облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент штабының бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.
Осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің аға офицері болды.
Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.