«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫ – ЕҢ МАҢЫЗДЫ ТАЛАП

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті Қа­зақстан: заң мен тәртіп, эконо­микалық өсім, қо­ғам­дық опти­мизм” Жол­дауын­да заң мен тәр­тіптің үс­тем­дігі, бүкіл қоғам мен әр адамның қауіпсізді­гін қамта­ма­сыз ету басым бағыт­тардың бірі ретінде айқындалып, страте­гия­лық мақсатымызға же­тудің қолайлы жағдайын қалып­тас­ты­ру міндеті қойылды. Прези­дент­тің азаматтардың жасам­паз­дық әлеуетін толық ашу және халық­тың әл-ауқатын арт­тыру жөнін­дегі талабының кә­сіподақ­тарға да тікелей қатысы бар.

Осыдан алты жыл бұрын Қа­зақстан кәсіподақтар федера­циясының төл ме­рекені белгілеу туралы ұсыны­сы Үкімет тарапы­нан қолдау тауып, содан бері 10 қазан Қа­зақ­стан кәсіподақтары күні ре­тінде кеңінен атап өтіледі. Мұ­ның өзі кәсіподақ мүшелерінің мүдделе­рі мен құқықтарын қор­ғауда, ең­бек дауларын шешуде, еңбек қауіпсіздігін сақтауда, ең­бекақыны уақытылы төлеуде, ха­лықтың өмір сүру сапасын жақ­сартуға бағытталған шарт-міндеттемелердің орындалуын қа­да­ғалауда тәуелсіз, дербес әре­кет ететін ұйымның қоғам өмі­рін­дегі рөліне беріл­ген әділ баға деп білеміз. Об­лыстық кәсіп­одақ­­тар орталығы “Кәсіптік одақ­тар туралы” заңды басшы­лыққа алады, бұдан бө­лек, өз мүшеле­рінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құ­қықта­ры мен мүд­деле­рін қорғау мақсатында заңнама­ларға қай­шы келмейтін барлық тәсілдер­ді пайдалануға құқылы. Өз құ­зыреті шегінде рес­публика кә­сіподақтар федера­циясы қыз­ме­тінің стратегиясын іске асыру бойынша белсенді жұ­мыс жүр­гізіп келеді. Бүгінде бір­лестікке мүше 65220 адам 1265 бас­тауыш кәсіподақ ұйымына, яғни 6 салалық бірлестікке, 13 ау­дан­дық, 2 қалалық бөлімшеге және 14 кәсіподақтардың үй­лес­тіру кеңесіне топтасқан. Жыл өт­кен сайын қатарымыз жаңа мү­шелермен толығуда. Мұны ең­бек және әлеуметтік құ­қықтарды қорғауға бағытталған іс-шаралардың жемісі ретінде ба­ғалауға болады. Биыл мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау салала­рында, жекелеген кәсіпорын­дарда 382 мүшесі бар 8 жаңа бастауыш ұйым құрылды. Олар­дың қатарында Қызылжар ау­дандық ауруханасы, Тимирязев ауданының “Қайнат” ЖШС, Пет­ропавл қаласындағы “Протеин Агро” ЖШС, Мағжан Жұмабаев ауданындағы балалар шығарма­шылығы орталығы бар. Осы­лай­ша жергілікті ұйымдардың ық­пал­дылығы мен пәрменділігін арттыру арқылы жұмыс беруші­лермен қостараптық диалог қа­лыптастырудың өзіндік тәжіри­бесі өзгелерге үлгі ретінде ұсы­нылып отырады.

2023 жыл “Қауіпсіз еңбек жылы” девизімен өтсе, Кәсіп­одақтар федерациясы 2024 жыл­ды “Еңбек жылы” деп жариялады. Оның негізгі өзегі табыс пен өнімді еңбекті қамтамасыз ету, жұмыстың тұрақтылығы, жұмыс уақытының лайықты ұзақтығы, қауіпсіз еңбек жағдайлары ба­ғыт­тарымен тығыз сабақтас. 2024-2026 жылдарға арналған әлеу­меттік әріптестік жөніндегі келісімдер жобасы жұмыс тобы­ның отырыстарында жан-жақты талқыланып, бірқатар ұсыныс­тар­мен толықтырылды. Жұмыс­керлердің әл-ауқатын арттыру, еңбек жағдайларын жақсарту мә­селелері басты назарға алынды. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына белгіленген инфляциядан төмен емес деңгейге сүйене отырып, эко­номиканың нақты секторы қызметкерлерінің жалақысын міндетті индекстеу, еңбек қауіп­сіз­дігі және еңбекті қорғау жөнін­дегі өндірістік кеңестер мен ең­бекті қорғау жөніндегі техника­лық инспекторлардың, техника­лық инспекторлар мен өндірістік кеңес мүшелерін жүйелі негізде мерзімді даярлауды қамтамасыз ету арқылы қызметтерін жетіл­діру, ұзақтығы кемінде күнтіз­белік үш күн қосымша ақылы де­малыс, ай сайынғы қосымша тө­лемдер мен көтермелеулер ұсына отырып, техникалық инс­пекторлардың жұмысын ынта­ландыру, еңбек қатынастарының белгілері болған кезде жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық шарттар жасасуға жол бер­меу, тағы басқа талаптар қам­тылды. Әлеуметтік әріптестердің лайықты еңбек қағидаттарын іске асыру жөнінде қа­лалық және аудандық келісімдер жа­сал­ды. Су тасқыны салдарын жоюға байла­нысты жайттар бі­рінші кезекте ескерілді.

Әлеуметтік әріптестік инсти­тутын дамытудың маңызды бір факторы ұйымдардың ұжымдық шарттарын жасасу және жаңар­ту жөніндегі жұмыс болып табы­лады. Осыған орай жыл басынан бері 6184 ұжымдық келісім рә­сімделді, бұл көрсеткіш жұмыс іс­теп тұрған кәсіпорындардың 96,1 пайызын құрайды. Әлеу­меттік әріптестікті дамыту мақ­са­тын­да “Үздік ұжымдық шарт”, “Үз­дік әлеуметтік-жауап­ты кәсіп­орын”, “Еңбекті қор­ғау жөніндегі үздік кәсіпорын”, “Экологияға қосқан үлесі үшін”, “Үздік жоба” аталымдары бойын­ша бизнестің әлеуметтік жауап­кершілігі жө­ніндегі “Парыз” рес­публикалық конкурсының об­лыстық кезеңіне қатысу қалыпты дәстүрге айнал­ған. Бірнеше рет лауреат атан­ған жеңімпазда­ры­мыз аз емес. Орталық Азия ел­дерінің кәсіп­одақтар кеңесінің “Үздік әлеуметтік серіктес” кон­курсына “Жол­дасбай-Агро” ШҚ, “Қызылжар су” ЖШС, Ново­ми­хайловка орта мектебінің жан жа­дыратар игі­лікті істері жинақ­талған мате­риалдар жолданды.

Салалық кәсіподақтарға қа­тысты өзекті проблемалар (ең­бек қауіпсіздігі және еңбекті қор­ғау, өндірістік жарақат, Еңбек ко­дексінің нормаларын орында­мау, экономиканың нақты және бюджеттік секторларына қарас­ты ұйымдарда еңбек ететін әйел­дердің мүдделерін қорғау, еңбек қатынастарын реттеу ерекше­лік­тері, табиғи сипаттағы төтен­ше жағдай кезеңінде су тасқыны­нан зардап шеккен кәсіподақ мү­ше­лерін қолдау) кәсіподақ оты­рыс­тарында, үйлестіру кеңесте­рінде кеңінен талқыланады. Об­лыстық мәслихат құрамындағы “Еңбек” де­путаттық тобымен бір­лесіп, ауылдық жерлерде тұратын ден­саулық сақтау, әлеумет­тік қам­сыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары­на коммуналдық төлемдер бойын­ша жеңілдіктер жасау, отын жағынан көмек беру, об­лыстық қазынадан қаржылан­дырылатын ұйым қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына үстемеақы қосу, жұмыс беруші­нің қаражаты есебінен мерзімді медициналық тексеруден тегін өту мәселелері бойынша нақты шешімдер алынды. Қызметкер­лер­ге қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, өндірістік жарақаттану­дың алдын алу мақсатымен Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде қабыл­данған арнайы бағдарламаның қорытындысы шығарылды. Көк­темгі су тасқыны кезінде бү­кіл­халықтық қолдаудан кәсіподақ ұйымдары да шет қалған жоқ. Мәселен, салалық кәсіподақ­тар­дың қызметкерлері және “Ке­ле­шек” жастар кеңесінің өкілдері бө­гет салу жөніндегі шараларға бел­­сенді қатысты. “Таза Қа­зақ­стан” таза­лық айлығы шең­бе­рінде сенбі­ліктер ұйымдасты­рылды. Су тас­қынынан зардап шек­кен отбасы­ларға ақшалай-заттай қолдау­лар көрсетілді. Қайырымдылық акциялары бары­сында жиналған қаражат 55 млн. теңгеден асты. Еңбек қауіпсіз­дігі және еңбекті қорғау мәсе­лелерін 1073 өнді­рістік кеңес құ­рамындағы 934 техникалық инс­пектор тұрақты түрде жүзеге асы­рады.

Кәсіподақ мүшелерін құқық­тық қорғауды қамтамасыз ететін, оларға заңдық жағынан көмек көрсететін Заң клиникасының фи­лиалы жұмыс істейді. Әділет органдарының, прокуратураның, нотариаттың, адвокаттардың өкіл­дерімен қатар кәсіподақтар мүшелері де “Халық заңгері” рес­публикалық әлеуметтік акция­сын өткізуден шет қалған емес. Кәсіподақ мүшелеріне заңнама­ны қолдану және олардың құ­қықтары мен заңды мүдделерін іске асыру бойынша практика­лық, заңгерлік, консульта­циялық көмектер ұсынылады. Қа­жетті құ­жаттарды, мемлекеттік орган­дарға өтініштерді және сот­қа талап-арыздарды дайындауға кө­мек көрсетіледі. 265 адамның өті­ніші қанағаттандырылды. Ең­бек және кәсіподақ заңнамасын қол­дану мәселелері бойынша 355 шара өткізілді.

Ерік НҰРАҚАЕВ,

облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp