«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҰЯ БҰЗҒАН ОҢБАЙДЫ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Төртінші, әлде бесінші сы­нып­­­та оқитын кезім. Ерте көк­тем­де мал қораның ішінде қар­лығаш ұя салады. Кіп-кішкентай құстың сон­шалықты еңбек­қор­лығына қай­ран қалатын едім. Есіктен зып етіп шыққаны сол, әлгіндей бол­май қайтып орала­ды. Аузында шөп-ша­лам, жүн-жұрқа, кейде бал­­шық та тістеп әкеледі-ау дей­мін. Сал­ған ұясы сондай әдемі. Теп-тегіс, жұп-жұмыр етіп түсі­ре­ді. Жуан бөре­ненің қапта­лына қа­лаған ұяның беріктігін көргім кел­ді-ау деймін, саты­мен көтеріліп ба­ра жатыр едім, жон арқама әл­де­не сарт ете түсті. Атамның ақ тая­ғы екен. Аң­тарыла қараған маған:

– Ұя бұзған оңбайды, – деді ызғарлы үнмен.

Арада қаншама жыл өтті. Қарлығаштың ұясын ұмыттым, ал атамның ақ таяғы арқама батпағанымен, жуырда есіме түсті. Көктемде немере аға­мыз­­дың үйіне бір себеппен бара қалдым. Үй іші көңілсіз. Тұр­мыс­тағы қыздарының жағ­дайы жай­сыз екен. Ел аман, жұрт тыныш­та екі иінінен дема­лып жүретін жеңгем ашуы қара қазанды қайнатқандай.

– Жүріңдер, – деді жеңгем іні­леріне, – барып алып қай­тамыз. Ішіме сыйған бала сыр­тыма да сыяды.

Өздері бес-алты адам. Екі көлікпен аттанбақ. Басу айтқан біздің сөзімізді құлақтарына ілер емес. Үзеңгіге аяқтарын са­лып тұрғанда көршілері басу айтқан:

– “Ерлі-зайыптылардың ара­сына есі кеткен түседі” деуші еді бұрынғылар. Жастар өздері жа­расып кетеді. Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұра ма? Сылдырласа сылдырла­сын, сынбаса болды ғой.

Бәріміз де жас болдық. Ұрыстық-керістік. Бірақ кетіс­кен жеріміз жоқ. Жас қосылған ерлі-зайыптылардың ортасы­на түсе берсек не қадіріміз қа­лады. Ертең олар да әке мен шешенің осындай әрекетіне үй­ре­ніп алады да, өздері отбасы құндылығын, жанұя жарасы­мен ұмытады. Сондықтан да осы жерден тоқтаған абзал.

Дәл осы сәтте жон арқам­ның сыздап кеткені. Атамның ақ таяғы тиген жер. Сөзі де есім­де. Ұя бұзған оңбайды.

Байқал БАЙӘДІЛ,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp