БІРЛІК ПЕН БЕРЕКЕНІҢ ШАМШЫРАҒЫ
Қарттарды әлеуметтік қолдау айлығы аясында Уәлиханов ауданына қарасты Ақтүйесай орта мектебінде кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара елдің өткенінен сыр шертетін мұражайдың ашылуымен басталды. Білім ордасының директоры Қуаныш Ысқақовтың айтуынша, музей сөресіне 150-ге жуық жәдігер қойылған. “Ұлы Отан соғысының 25 ардагері, 24 тыл еңбеккері, ауған соғысының 5 жауынгері, бүгінгі таңда әскери салада қызмет етіп жүрген 10 жерлесіміздің өмірдеректеріне …