«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Адал еңбектің өтеуі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұловтың, облыстық, қалалық мәслихат депутаттарының,  ардагерлер мен жастар ұйымдары өкілдерінің, әлеуметтік серіктестіктердің,  кәсіподақ активінің қатысуымен Қазақстан кәсіподақтар күніне арналған салтанатты шара өтті.

Жиынды ашқан өңірлік кәсіподақтар орталығының төрағасы Ерік Нұрақаев республикалық кәсіподақ ұйымына 2 млн.-ға жуық адамның мүше екенін, облыс бойынша 65 мыңнан астам адамның 1265 бастауыш ұйымға біріккенін жеткізді.

Облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов құттықтау сөзінде жергілікті кәсіподақ мүшелерінің өңірдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына қосып отырған үлесін, жұмысшы-қызметкерлердің заңды еңбек құқықтарын қорғаудағы маңызды рөлін атап өтіп, алдағы қызметтеріне табыс тіледі.

Облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Жанат Жұмабек осы күнге дейін атқарған жұмыстар мен алдағы міндеттер жайлы баяндама жасады.

Кәсіподақ саласының ардагері Валерий Лопатко, мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Мирас Сабағанов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Серік Тоқымбетов жүрекжарды лебіздерін жеткізді.

Көп жылғы адал еңбегі, әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға және кәсіподақ қозғалысын қолдауға қосқан елеулі үлесі үшін облыстық пошта байланысы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Береке Шөпеноваға облыс әкімінің Құрмет грамотасы, Петропавл №2 жылу электр орталығы химия цехының инженер химигі Елена Коваль мен Солтүстік Қазақстан энергия тарату компаниясы Мағжан Жұмабаев  аудандық электр жүйесінің бастығы Евгений Мурзинге Алғыс хаты салтанатты түрде табыс етілді. 

 “С.М. Киров атындағы зауыт” АҚ бас директорының орынбасары Айнагүл Рахметова, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподағы Шал ақын аудандық филиалының төрағасы Дулат Жарқынбаев, облыстық әкімдіктің персоналды басқару қызметінің бас маманы Ақсәулеш Сұлтанғалиева, Петропавл темір жол стансасы кәсіподақ ұйымының жетекшісі Владимир Ботяев, “АгроВектор-Снаб” ЖШС-ның директоры Құрман Исаев, тағы басқалары республикалық кәсіподақтар федерациясының “Үздік әлеуметтік әріптес”, “Қазақстанның кәсіподақ қозғалысына сіңірген еңбегі үшін”, “Еңбек даңқы”  мерекелік медальдарымен, Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен, төс белгілерімен марапатталды. Бір топ қызметкерге ақшалай сертификаттар мен “Береке” санаторийіне жолдама берілді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp