«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРЛІК ПЕН БЕРЕКЕНІҢ ШАМШЫРАҒЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қарттарды әлеуметтік қол­дау айлығы аясында Уәлиха­нов ауданына қарасты Ақ­түйе­сай орта мектебінде кезде­су ұйымдастырылды. Іс-шара ел­дің өткенінен сыр шертетін мұ­ражайдың ашылуымен бастал­ды. Білім ордасының директоры Қуаныш Ысқақовтың айтуынша, музей сөресіне 150-ге жуық жә­дігер қойылған.

“Ұлы Отан соғысының 25 ар­да­гері, 24 тыл еңбеккері, ауған соғысының 5 жауынгері, бүгінгі таңда әскери салада қызмет етіп жүрген 10 жерлесіміздің өмір­деректеріне қатысты мате­риалдармен әр оқушы таныса алады. Олар Отанға адал қызмет еткен ауылдастарының жүріп өткен жолдарын үлгі етуі тиіс”, – дейді Қуаныш Ысқақов.

Ақтүйесай орта мектебінің ұжымы ұйымдастырған “Қартта­рын қадірлеген ел ардақты” атты концертте “Алтынай” халықтық ансамблі өнер көрсетіп, қоше­мет­ке бөленді. “Ана тілім” әнін орындаған Әдемі Тұяқ балдай тәтті қылығымен кештің шыра­йын кіргізе түсті. Мұқағали Ма­қа­таев, Фариза Оңғарсынованың ата-ананың қадір-қасиетін, қарт­тар­дың құт-береке екенін ұқтыратын өлеңдерін нақышына кел­тіріп оқыған мектеп оқушылары­ның сахнадағы өнерлері көрер­менді тәнті етті.

– Еліміз бойынша ардагер­лер ұйымдары есеп беру, сайлау жиналыстарын өткізуде. Біз Ақтүйесай ауылдық ардагерлер алқасы жетекшісінің есептік баян­дамасын тыңдадық. Елді ме­кенде қандай жұмыстар атқа­рылып жатқанын ауыл тұрғын­дары жақсы біледі. Әр атқа­рыл­ған іс елдің көз алдында. Оны жік-жіктеп таныстырудың қажеті жоқ. Жастардың қарттарға сый-құрмет көрсететіні бәрімізді де қуантады. Бірақ ұрпақ алдын­дағы өзіміздің де парызымызды ұмытпайық. Қалалық жерлерде жастардың қазақылықтан, ұлт­тық құндылықтардан, рухани бай­лықтан алыстап кеткенін кө­ріп, қарнымыз ашады. Елдің ер­теңі – жастар. Олардың тәрбие­сіне көбірек көңіл бөлгеніміз аб­зал, – деді ауылға арнайы бар­ған облыстың құрметті азаматы, жазушы-журналист Жарасбай Сүлейменов. Қаламгер жуырда жарық көрген 5 томдық шығар­малар жи­нағы мен ақын Зей­нолла Әкім­жа­новтың “Зама­на шамшы­ра­ғы” кітабын Ақ­түйе­сай орта мек­тебіне сыйға тарт­ты.

Ауылдық ардагерлер алқа­сы­ның төрағасы Сағынжан Сә­дуақасовтың айтуынша, Ақтүйе­сайда 98 қарт тұрып жатыр. Ауыл ақсақалдары кез келген істе белсенділік танытып, елдің ауызбіршілігін сақтауға барын­ша атсалысуда.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

 “Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp