«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТИІМДІ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшін әділет саласы цифрлық форматқа көшуде. Енді көптеген нотариаттық қызметтер, мүлік иелерінің бірлестігін құру үдерісі және сот орындаушылармен байланыс онлайн режімде қолжетімді болмақ.  Облыстық әділет департаментінде осы жаңашылдықтар жан-жақты түсіндірілген баспасөз мәслихаты өтті.

Аталған саладағы қызмет көрсету үдерісін жеңілдету және автоматтандыру үшін заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Себебі сапалы заңгерлік көмек – әділет органдары жұмысының негізгі міндеті.

– Әділет органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы, “Электрондық үкімет” порталы, сондай-ақ АХАЖ тіркеу пункті, заңды тұлғалар мемлекеттік деректер базасы ақпараттық жүйесі, “Е-лицензиялау” арқылы ұсынылады. Қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшін адвокаттарды, нотариустарды, жеке сот орындаушыларын аттестаттаудан өткізу бойынша қанатқақты жоба іске қосылды. Әділет министрлігі қанатқақты жоба бойынша түзетулер әзірледі, – деді облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Гүлнәр Қожахметова.

“Аттестация реинжинирингі” жобасы – бұл адвокаттық, нотариалдық, сот сараптамалық, жеке сот орындаушылық және патенттік сенімді өкіл қызметіне рұқсат алу. Бұрын адвокат, нотариус, сот сарапшысы немесе жеке сот орындаушысы лицензиясын алу үшін бірнеше кезеңнен өту керек болған. Аталған салалардың бірінің белгілі бір палатасында тәжірибеден, кейін әділет департаментінде тестілеуден өтіп, содан соң комиссия алдында қорғау керек еді. Нәтиже теріс болған жағдайда, кем дегенде үш айдан кейін екінші рет тапсыруға болатын. Ал жаңа жоба аясында сұхбаттасу алынып тасталып, оның орнына жағдайлық кейстер енгізілді. Осылайша аттестациялау процедурасының қолжетімділігі мен ашықтығы қамтамасыз етіліп, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қысқартылды.

Бұрын аттестаттау тоқсанына бір рет өткізілсе, қазіргі уақытта өтініштердің түсуіне қарай жүргізіледі.

Осы жылдың 22 тамызынан бастап бүкіл ел бойынша “Цифрлық сот орындаушысы” жүйесі іске қосылды. Бұл шағын айыппұл, салық пен белгілі бір төлем бойынша қарызды өндіріп алу үдерісін жеңілдетіп отыр. Оңайлатылған іс жүргізу 30 күнтізбелік күнде аяқталуы тиіс дейді мамандар. Бұрын қарызды уақытылы өтемеген азаматтар жеке сот орындаушысына айыппұл сомасының қосымша 25 пайызына дейін төлеуге мәжбүр болды. Енді азаматтар бұл шығындардан босатылды және жеке сот орындаушыларына барудың да қажеті жоқ.  Сонымен қатар онлайн түрде борышын өтеген кезде барлық шектеу шаралары автоматты түрде алынып тасталады.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp