«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тұлғасында тоғысқан алуан дарын

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

И.Шухов атындағы орталық қа­ла­лық кітапхана жанынан құрыл­ған “Sana” әдеби-музыкалық клу­бы­ның ұйымдастыруымен акаде­мик Аманжол Қошановтың туға­ны­на 90 жыл толуына орай “Тұлға­сында тоғысқан алуан дарын” ат­ты еске алу кеші өтті.

Шарада Шал ақын ауданында дүниеге келіп, еліміздің экономика саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ғалымның өнегелі өмі­рі жайлы айтылды. Әсіресе өске­лең ұрпақ экономика ғылымдары­ның докторы, профессор, Қазақ­стан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерінің тағылымға толы еңбек жолы жайлы ерекше қызы­ғушылықпен тыңдады.

Жиында облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Бағ­дат Мұқанова, М.Қозыбаев атын­дағы Солтүстік Қазақстан уни­верситетінің оқытушысы, тарих ғы­лымдарының кандидаты Зәуре Қар­т­ова, Шал ақын аудандық ар­дагерлер кеңесінің төрағасы Тұ­рар Оразалин, Аманжол Қоша­нов­тың жиені Абылай Балтабаев пен өзге де қонақтар сөз алып, ғалым­ның өмірі мен еңбектері жайлы сыр шертті.

Алтынай СЫЗДЫҚОВА,

И.Шухов атындағы орталық  қалалық кітапхананың қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp