Облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласы базарларының бірінде акцизсіз темекі өнімдерін заңсыз сату фактісін анықтады. Жеке кәсіпкердің бутигінен әртүрлі атаудағы 2850 қорап темекі тәркіленді.
Кәсіпкерге қатысты жиналған әкімшілік материал процестік шешім қабылдау үшін Солтүстік Қазақсан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді.
Әсет ҚАНАФИН.